Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы ақша реформасы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ 5
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты 5
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ 13
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасы 13
2.2 ҚР-ғы 1993 жылғы ақша реформасының экономика үшін маңызы мен жаңа теңгені айналымға шығарудың қажеттігі 19
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.

Бұл жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым мен міндеттеріме: ақша реформасын ақша жүйесін қайта құрылымдаудың негізі ретінде оның экономикалық мәнін ашу, 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен жүргізілу барысын талдау және жүргізілген ақша реформасының бүгінгі таңдағы өзінің жалғасын табуын, экономикаға қосқан үлесін, ақша реформасын жүргізу аясында экономикада және қаржы саласында жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік саясаттарға тоқталу болып табылады. Сонымен қатар биылғы қарашаның 15 жұлдызында айналымға жаңа теңгелердің шығу барысын атап кетуді көзделді.

І АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасы
1993 жылы Қазақстанда ақша реформасын жүргізудің басты сипаты бұрынғы Кеңестік ақша белгісі рубльдің орнына ұлттық валютамыз теңгені енгізумен және ұлттық ақша жүйесінің қалыптастыру, соның нәтижесінде Ұлттық банкті және ұлттық несие жүйесін қалыптастыру болып табылды.
1992 жылы бірінші жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Харрисон” фирмасымен шарт жасасты. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі болды.

2.2 ҚР-ғы 1993 жылғы ақша реформасының экономика үшін маңызы мен жаңа теңгені айналымға шығарудың қажеттігі
Сөйтіп 1995 жылдан бастап экономикада жүргізілген реформалардың нәтижесінде және қаржылық реттеудің қатаң түрі арқасында инфляция қарқынының төмендеуі байқалды, ал оның төмендеуі өзімен бірге елдің өндірісіне инвестицияның өсуіне, елдегі әлеуметтік жағдайлардың жақсаруына, экономикалық активті халықтың санының өсуіне, кәсіпкерліктің дамуына, елдегі қаржы секторының тұрақты дамуына және экономикалық өсудің белең алуына әкелді.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды. Ұлттық банктің ақша жүйесіндегі негізгі қызметі ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау болып отыр.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Сондай-ақ бүгінде Ұлттық банк шетел валюталарын сатып алуда монополист болып табылып, елдің ақша айналысын заңдылықтармен ұйымдастырылған тәртіптермен жүргізіп, реттеп отырады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, елімізде ұлттық деңгейде ақша реформасы 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз теңгенің” айналысқа енгізілген күннен бастап қызмет етуде. Бүгінгі таңда теңгеміз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып, елімізде жүргізіліп жатқан қаржы шаралары өзінің оң жемісін беріп үлгерді. Оған дәлел ретінде бүгінде еліміз ТМД елдері ішінде елдің қаржы секторы ең жақсы дамыған және тиімді қызмет етіп отырған сала болып табылады. Сондықтан еліміздің қаржы секторы және Ұлттық Банк ұсынысы бойынша бәрімізге белгілі 2006 жылы 15 қарашада, яғни ұлттық валютамыз теңге айналысқа шыққан күніне орай айналысқа жаңа теңгелердің енгізілуі еліміздің ақша реформасын одан әрі дамытып келе жатқандығының куәсі болып отыр. Бұл жаңа теңгелер жоғарыда атап өткендей, әлемдік стандарттарға сай етіп жасалған.