Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты,жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды тапап етеді. Биология сабақтарында апараттық құзіреттілігін дамыту мәселелері атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқыны қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.
Мектеп оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтан оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Электрондық оқу құралы - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге тапсырмалар жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикамға, ізденіс жұмыстарына нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оңу құралы.
Биология пәнінен генетика тақырыбы бойынша ақпараттық технология бойынша оқушының өз бетімен есеп шығаруға, проблема қойып, одан шығу жолын іздейді, жүргізілген тәжірибеден қорытынды жасап үйренеді, бақылайды, эксперимент жасайды.
Тарауды оқытуда практикада генетикалық есептерді шешу жолдары қолданады.
Генетикалық есептерді практикада қолдану кезеңдері:
Ақпараттық кұзіреттілік мәселесін дамытудың тиімділігі: 1. оқушыларға берілген білімнің сапасы артады; 2. оқушылармен жүргізілген жұмыс дәлдігі артады; 3. компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді; 4. оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігі кеңиді; 5. оқуға қызығушылығы артады’; 6. білім қорын дамытуға жағдай жасалынады.