Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе бойынша
Мазмұны
1 Жалпы бөлім 3
1.1 Ұйымның жалпы мінездемесі 3
2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 4
2.1 Ағымдағы активтер: ақшалай қаражаттар мен олардың баламалары 4
2.2 Ағымдағы активтер: алынуға тиісті шоттар және басқа берешек қарыздар 6
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі 8
2.4 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі 10
2.5 Міндеттемелер есебі 13
2.6 Еңбекақы және оның төлемінің есебі 15
2.7 Меншікті капитал есебі 18
2.8 Инвестициялардың есебі 19
2.9 Өндіріс шығындарының есебі 21
2.10 Дайын өнімнің және оны өткізудің есебі 23
2.11 Қаржылық есеп беру құрамы 24
2.12 Бухгалтерлік баланс 25
2.13 Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп 26
2.14 Ақша қозғалысының қорытынды есебі 28
2.15 Аудит 32
1 Жалпы бөлім
1.1 Ұйымның жалпы мінездемесі
Ұйымның іскерлігін мақсаты - қала бюджетінің орындалуы аумағында мемлекеттік саясаты құру мен сатуды қамтамасыз ету, камуналды меншікті бухгалтерлік есепті ,қаржылық есеп беруді басқару жергілікті бюджетке салық жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру .
Бір жолғы таварларды сатудан жиналған сомалардың толықтығын қамтамасыз ету .
- Қалалық бюджет бюджетпен есеп айырысу орындары комуналды меншікті бухгалтерлік есепті басқару ортасындағы салааралық кординация мен әдістемелік басқару.
1. Мемлекеттік саясатты құру бойынша:
2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Ағымдағы активтер: ақшалай қаражаттар мен олардың баламалары
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестердізаманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді.Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 4 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктердегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. «ҚР Статистика жөніндегі АЕО» РМҰ ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
2.2 Ағымдағы активтер: алынуға тиісті шоттар және басқа берешек қарыздар
Берешек қарыз - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің «Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі « РМҰ алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес берешек қарызды бөліп көрсетеді. Саудалық берешек қарыз – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және «Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ ақшалай емес активтеріне деген тілек талаптары кіреді. Берешек қарыз алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте берешек қарыз шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады.
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» тауарлы-материалдық қорлары - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
2.4 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.жер,үйлер,ғимараттар,машиналар мен жабдықтар,табыстау қондырғылары,көлік құралдары,басқа да негізгі құралдар,бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
2.5 Міндеттемелер есебі
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМК міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы,
Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған ұйымның берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
2.6 Еңбекақы және оның төлемінің есебі
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ Қызметкерлермен еңбекақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 «Қызметкерлермен еңбекақысы бойынша есеп айырысу» (3350) шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысу үшін 682 «Басшылықтағы тұлғалардың қарызы» (3360) шоты арналған. Басшылықтағы адамдарға есптелген еңбек төлемінің сомаларына 821 (7210) -шоты дебеттеледі де, 682 (3360) шоты кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 682 (3360) шоты дебеттеліп, 451 (1010) шоты кредиттеледі.
2.7 Меншікті капитал есебі
Қазақстан Республикасында Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру,құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Акт 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық кпитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. «Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМК құру үшін құрылтайшылық құжаттары ( бұл құжаттардың ен негізгісі болып Жарғы болып табылады) болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субьект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:
2.9 Өндіріс шығындарының есебі
Ұйымдар - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) түратын күрделі механизм.
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі жэне қосымша өндірістер болып екіге белінеді.
Негізгі ондіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, үсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын ондірістер жатады.
2.10 Дайын өнімнің және оны өткізудің есебі
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.
2.11 Қаржылық есеп беру құрамы
Қаржылық есеп берудің тұжырымдамалары (концепциялары)
Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Жоғары жақтың бұйрық-нұсқауларымен жүргізілген экономикалық процесс жаңа сипатқа, нарықтық экономикаға ауыстырылды. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді.
«Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ бухгалтері есептің екі түрін: біреуі ішкі есеп ақпараттарын пайдаланушыларға (ішкі есеп), екіншісі сыртқы есеп ақпараттарын пайдаланушыларға (сыртқы есеп) арнап жүргізеді.
Қаржылық қорытынды есепке көзқарас білдіру жүйесінің барлығы, сондай-ақ оның мақсаты мен қаржылық қорытынды есебін даярлауға қойылатын талаптары қазақстандық концептуалды негізде қаралған.
2.12 Бухгалтерлік баланс
Бухгалтерлік баланс деп – ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз.
Баланс деп – ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады.
Қорытынды есеп құрамындағы бухгалтерлік баланстың мәні өте жоғары. Осы құжат арқылы ұйымның қаржылық жағдайы жөнінде анық және бұрмаланбаған көрсеткіштер жинақталып, мұның өзі пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандырады.
2.13 Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп
Қорытынды есептің бұл түрі қалыпты жағдайда шарушылық қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша құндық бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған.
Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп сату принципіне сай жасалынады. Дайын өнімдерді, тарулар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тәжірибесіне сату принципі бойынша танылып тіркеледі.
2.14 Ақша қозғалысының қорытынды есебі
Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары (ХҚЕС) талабына сай қаржылық қорытынды есеп құрамына енгізілетін қосымша үлгінің бірі « Ақша қозғалысының қорытынды үлгісі» болып табылады. Негізінен бұл үлгі баланс және табыстар мен жұмсалған шығындар жөніндегі қорытындының жекелеген баптарын ақшалай өлшеммен өлшеп көрсетуге арналған. Ақша қозғалысын қорытындылауға арналған қорытынды есептің осы түрінің түпкі мақсаты – сыртқы және ішкі пайдаланушыларға ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі ақпараттар даярлап беру.
Белгілі бір есепті кезең аралығындағы ұйымның ақша қаражаттарының жағдайы мен қозғалысына ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесі тікелей әсер етеді. Сонымен ұйым әкімшілігі ақша жөніндегі қорытынды есеп көрсеткіштерін өтеушілік коэффициентін шығару және дивиденттік төлемдерді анықтау, қосымша алынған инвестициялардың ұйымның жалпы жағдайына тигізген әсерін бағалау үшін де қолданады.
2.15 Аудит
Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен «Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ басшылары өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша ұйым басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын біліп алу керек .
Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне «Тараз қаласы әкімдігінін қаржы бөлімі» РМҰ операциялары , активтері , меншік капиталы , міндеттемелерді , қызмет нәтижелерін және т.б. бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады . Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдауды , ұйым қызметіне қарай жүргізуі және негізделуі , бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді . Қаржылық есептемелердің құрамында ашылуы тиіс және ұйымның есептік саясатын қалыптастыру барысында қабылданған елеулі жүргізу тәсілдері бар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес мыналар көрсетіледі: