Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Алаш қозғалысы және атбасар өңірі

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.

Төртіншіден: қазақ даласында сахна өнерінің пайда болу тарихына көз салсақ, «Қазақ тарихында» айтылғандай XX ғасырдың бас кезінде жұрт жиналған ойындарда шағын сахналық көріністер болды дегеннен басқа дерек жоқ. Тек қазақ әдебиет тарихында М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» 1917 ж. Абай ауылында қойылды деп жүрміз. Олай болса Бақытсыз Жамал« қазақ сахна тарихында ең алғашқы ресми түрде (ең алғаш Атбасар қаласында) 1915 жылы қойылды деп айтуға болады және осы қойылымнан жиналған қаражат I дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының Отан қорғау қорына берген ұжымдасқан түрде жәрдемі деп қараған жөн болар. Бұл жағдайды кеңес өкіметінің кезінде айтылып жүргендей патша үкіметімен «ауыз жаласу» емес, алаш азаматтарының патша үкіметі орындарымен қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрес тактикасының бір түрі деп қараған жөн сияқты.