Педагогикалық шеберлік шығарманың Жырдың көркемдік ерекшелігін танудағы ізденістер және басталады
Ұлттың мықты болуы тәрбиеден бастау алатын жете ұғынған халқымыз небір жарқын іс пен жанға азық асыл сөзді ұрпағына аманаттап қалдыра білді. Сөз құдіретімен баласын сылап өсірген жұртымыз алтын арқау желінің кейінгіге жұғысты болуын еш ұмыт қалдырған емес. Мейір мен мерейді пейіл кеңдігімен ұштастыра білген ұлыларымыз «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деп еңсе тіктер есті сөзін саптаған. Өскелең ұрпақты болсын ниетімен батыр деп мадақтау тұлға қалыптастыруға оң ықпал етсе, көркем шығарма батырлық жырдың қуатын ұғындыру шешен сөйлейтін патриот көшбасшы тәрбиелеуге өз септігін тигізері анық.
Жоғарыда алынған екі сілтемеде де жырдың көркемдік ерекшелігіне қатысты ой-пікірлер ақындық қуатты тануда дұрыстығына шәк келтірмейді. Бірақ осында көркемдік әдіс неден көрінеді дейтін мәселе ашылмай қалған.
«Қобыланды батыр» жырын «Әдебиет теориясы» (1938), «Қазақ әдебиеті» (орта мектепке арналған оқулық 1941), «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (1958) еңбектерінде жан-жақты ғылыми талдау жасаған Қ.Жұмалиев аталмыш мәселені шешуде жалпылықтан нақтылыққа көшкен деп толық айта аламыз.
Эпостық жырлардың ішінде тілі жағынан көркем шығармалардың бірі “Ер Тарғын” жыры екендігін Қ.Жұмалиевке дейін дұрыс аңғара білген әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың ішінде С.Сейфуллин, М.Әуезовтердің есімін атауға болады.
С.Сейфуллин жырды жеткізуші Марабайдың күшті ақындық қуатын көрсететін көркем тұсы туралы ойын былай сабақтайды: «Тарғын әңгімесіндегі Ақжүністің сұлулығын айтқан жыры, Тарғынның Тарлан атын суреттеуі. Қарт Қожақ пен Тарғынның түйіскен жыры эдемі, суретті тізілген жырлар», - дейді [2, 358 б.].
Осы жоғарыңа алынған екі сілтемеде де жырдың тілінің көркемдігі қай жерде ерекше көрінетіндігін зерттеушілер атап көрсеткенімен, кестелі сөздегі көркемдік әдіс неден көрінеді мәселесін теориялық жағынан нақтырақ айтып бере алмаған.