Шағын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін негіздеу 5
1.1 Қолдану саласын талдау 5
1.2 Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы 5
1.3 Ақпараттық жүйе құрылымына қойылатын талаптар 6
1.4 Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар 11
1.5 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар 11
1.6 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 13
2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау 15
2.1 Мәселе қойылымы 15
2.2 Басты ақпараттық көзі - бухгалтерлік есеп 18
2.2 Қаржы жағдайын талдаудағы міндеттемелер 21
2.4 Қаржылық жоспарлау, болжау 25
2.5 Кіріс құжаттары 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32
Қосымшалар 33
Кіріспе
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - ақпараттық жүйесін тұрғызу. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттық жүйесін тұрғызу кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпараттық жүйесін тұрғызу жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз - оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай - ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау
Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы қатынасушыларымен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның бірден–бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.
1.2 Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы
Кәсіпорын – бұл өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.
Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
инвестиция және бюджеттен дотация;
қайырымдылық жарнама;
мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:
1.3 Ақпараттық жүйе құрылымына қойылатын талаптар
Ақпарат жүйесі – ақпаратты жинаудың, өңдеу, бөлу және қолданудың әдістемелері мен құралдарының жиынтығы. Ақпарат жүйесі - өте кең ұғым. Құрамдық сипаты бойынша 2 үлкен бөлімнен тұрады.
1-кесте
1.4 Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар - жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамaсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
1.5 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
1.6 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
2.1 Мәселе қойылымы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе - дер кезінде кәсіпорынның қазіргі жағдайы жайлы мәліметтерді алып отыру.
Қаржы – бұл ақша қатынастары. Қаржы ылғи да ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің қорын, мемлекеттің өндірістен тыс сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді.
Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы қатынасушыларымен тығыз байланысты.
Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, олардың табыстарының және қарызға алынған жасақтарынан қор жинау және тұтынуға бөліп жұмсауымен байланысты.
2.2 Басты ақпараттық көзі - бухгалтерлік есеп
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі - бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.
Қаржы жағдайын талдау жасаудың ақпараттық көздері бухгалтерлік (қаржылық ) есептер:
- №1 форма «Кәсіпорынның балансы»;
- №2 форма «Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы»;
- №4 форма «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп».
Баланс мәліметі бойынша кәсіпорын, акционерлер, инвесторлар, кредит берушілер, сатып алушылар, сатушылар, т.б. алдында өз міндеттерін атқара алатындығын немесе қаржылық қиындық бар екенін көрсетеді.
Баланс екі жақты кесте, сол жағында актив, оң жағында пассив. Актив пен пассивтің тең болуы баланстың маңызды сыртқы белгісі. Бухгалтерлік балансты тікелей меншіктегі әртүрлі мүліктік құралдар тобы (материалдық құндылықтар) және осы құндылыққа құқық, шаруашылық субъектілері (кәсіпкерлер, банктер, инвесторлар, т.б.) еркімен құрылған капитал ретінде көрінеді. Баланс шаруашылықтың (кәсіпорынның) жағдайын ақшалай бағалау ретінде береді, оны 1,2-кестелерден көруге болады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі – бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.
2.2 Қаржы жағдайын талдаудағы міндеттемелер
Қаржылық жағдайды талдауда мынадай міндеттер жүктеледі:
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өтімділігін анықтау;
- кәсіпорынның құралдар көздерінің құрылымын зерттеу;
- активтердің айналымдық көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның пайдалылығын анықтау. Бұл мәселелерді 7,8 - кестелерге сүйеніп қарастырамыз.
Салыстырғанда, жыл басындағы актив 54540 мың теңге, ал бережақ – 32180 мың теңге, сондай-ақ, жыл аяғында 46680, яғни кәсіпорын төлем қабілетті деп санауға болады.
Бірақ ескертетін жағдай, кәсіпорындағы аяқталмаған өндірістің запастары (қорлары) және басқа тауар-материалдық заттар банкрот болған жағдайда тез өте ме? Өтпей қалатын болса төлем қабілеттілігі болмайды. Сондықтан, банктер дұрыс мәлімет алу үшін запастағы заттарға түзетулер жасайды, Сонымен реалды өтімді запас (қор) деңгейіне әкеледі.
Кәсіпорынның таза айналым капиталы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі таза айналым капиталының өзгерістері негізінде анықталады. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер айырмасы. Біздің мысалымызда:
Жыл басында 54540 – 32180 = 22360 мың теңге.
Жыл аяғында 74260 – 46680 = 27580 мың теңге.
Таза айналым капиталының өсімі 27580 – 22360 =5220 мың теңге.
Кәсіпорынның өтімділігі – бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтерді өткізу арқылы орындай алатындығы.
Талдау жұмысы прктикасында өтімділіктің көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның айналым құралдарымен жалпы қамтамасыздығын және кәсіпорынның мерзімді міндеттемелерді уақытында жою мүмкіндігін бейнелейді.
Ол мына формуламен анықталады:
2.4 Қаржылық жоспарлау, болжау
Қаржының тиімділігін болжау (прогноз) - кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын зерттеу, болашақтағы қаржы мүмкіндігінің негізгі бағыттарын белгілеу – стратегиясын анықтау. Мұндай болжаудың кәсіпорын үшін маңызы зор, себебі оның тұрақты міндеті өз ісіне қосымша капитал тарту, банкроттықтан сақтандыру. Кәсіпорынның қаржы жағдайының болашағын болжау сыртқы экономикалық ақпаратты пайдаланушыларға өте қажет. Оларға кіретін басты объекті – банк. Олар несие беру үшін кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын, болашаққа болжамын білулері керек. Қаржылық болжау, қаржылық жоспарлауға - жылдық, көпжылдық мерзімге жасау өте қажет. Батыс елдерінде әлбетте ол мерзім 3-5 жыл.
Қаржылық жоспарлау. Қаржы жоспары ақша қаражаттарының түсім және шығын көздерін көрсетеді. Бұл бизнес жоспардың шараларын және кәсіпорынның міндеттемелері бойынша төлеуге жетерлік қаржы болуын көрсетеді. Жоспардың негізіне барлық түсім көздері және шығындар ескеріліп, қолда бар қаржымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Егер жетіспейтін болған жағдайда оны толықтыру көзі іздестіріледі.
2.5 Кіріс құжаттары
Кіріс құжаты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.
Қорытынды
Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Осыған сәйкес, ұсынылып отырған ақпарат жүйесін тұрғызудағы мақсат – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланс өнімділігін талдау, банкроттық ұшыраудың мүмкіндігін бағалау операцияларын, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпаратты беру, жинау, сақтау, іздеу операцияларын автоматтандыру болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың ақпараттық жүйесін тұрғызудағы мақсатым – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2002 ж.
2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем”.
3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-ком¬пьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93.
4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.