Дүниежүзілік сауда ұйымы
Жоспар
І-ТАРАУ. ДСҰ-ның пайда болу тарихы 3
1.1 СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы 3
1.2 Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд 5
1.3 Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды 7
ІІ-ТАРАУ. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері 9
2.1 ДСҰ жүйесінің принциптері 9
2.2 ДСҰ құрылымы және бюджеті 15
2.3 Соңғы жылдары ДСҰ- на кірген елдердің тәжірибесі 20
ІІІ-ТАРАУ. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі 26
3.1 Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады 26
3.2 Ауылшаруашылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы 30
3.3 ҚР ДСҰ- на кіруі жайындағы келісім сөздер 33
Қорытынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер 38
Кіріспе
Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тенденциялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
І-ТАРАУ. ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1.1 СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уақытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы - Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқты мәселелер туралы ережелер болған.
1.2 Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд
1973- 1979ж. ж. 102 мемлекет арасында жүргізілген Токиолық раундта СТЖК тарифтерді біртіндеп кемітуге тырысты. Оның нәтижесінде негізгі әлемдік тоғыз өнеркәсіптік нарықтардағы кедендік баждар үштен бір бөлікке кеміді, нәтижесінде дайын өнімдерге орташы тарифтер СТЖК құрылуының алғаш кезіндегі 40 %- дан 4,7 % - ға дейін кеміді. Тарифтерді кеміту сегіз жыл ішінде өзара келісушілік нәтижесінде жүзеге асырылды.
1.3 Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды
Уругвай раундын жүргізу туралы ой 1982 жылы Женевада өткен СТЖК мүшелері - елдер министрлерінің кездесуінде туған. Мәселерді шешу және келесімге келу үшін төрт жыл мұқият жұмыс жасалды да, 1986 ж. қыркүйекте Пунта- дель- Эстеде министрлер қайта жиналды. Олар келісім сөз кеңістігіне барлық сауда саясатының шешілмеген мәселелерін алды, мысалы интеллектуалды меншік пен қызметтер саудасы. Бұл сауда келісім сөздері үшін жасалған ең ірі мандаттардың бірі еді және оны орындау үшін төрт жыл жұмсалды.
ІІ-ТАРАУ. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1 ДСҰ жүйесінің принциптері
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу. келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым - қатынастары дамиды.
Ашық сауданы жақтайтын себептер
Көпжақты сипатта негізделген ашық экономиканың экономикалық себептері қарапайым және саудаға тән ойға қонымдылықпен ерекшеленеді.
Барлық елдердің, оның ішінде ең кедейлерінде де, ресурстар болады. Мысалы адамдық, өндірістік, табиғи және қаржылық ресурстарды ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекелесуші тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданады. «Салыстырмалы артықшылықтар» елдердін өз активтерін ең тиімді жолмен қолданып, ең тиімді өндіру жолдарын қарастырады. Әлемдік нарықта қызмет атқару аясы кеңейіп, тұтынушылардың ең үлкеи санына жол ашылады. Яғни либералды сауда саясаты тауарлар мен қызметтердің шектелмеген ағымын мүмкін қылады да, жоғары сапалы, бағасы тиімді өнімдерді өндіру арқылы табысты жоғарылатуға көмектеседі.
2.2 ДСҰ құрылымы және бюджеті
Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган - Министрлер конференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші конференция 1996 ж. желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 ж. мамырда Женевада СТЖК/ДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде қорытынды жасалды; 2001 ж. Доха (Катар) өткен Министрлер конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі конференция 2003 ж. Канкун (Мексика) өткен.
2.3 Соңғы жылдары ДСҰ- на кірген елдердің тәжірибесі
ДСҰ 1995 ж. СТЖК-ның негізінде құрылған және оның мүше елдері 1995 ж. 1 қаңтарынаң автоматты түрде ДСҰ-на қабылданған.
Біз үшін социалистік болған елдердің ДСҰ- на кіру тәжірибесі маңызды болып келеді. Оларға: 1996 ж. кірген Болгария. 1997 ж. енген Монголия. 1998 ж. Қырғызстан, 1999 ж. Латвия, 2000 ж. кірген Эстония. Грузия, Албания және 2001 ж. кірген Молдова, Литва.ҚҰР жатады.(3,45)
Бүл елдердің барлығына (ҚҰР қоспағанда) келесілер тән болып келеді:
ІІІ-ТАРАУ. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
3.1 Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
ДСҰ-на кіруші елдермен келісім сөздер кезінде ең үлкен дау импортталатын тауарларға қатысты баж қойылымдарын төмендету маңайында туындайды. Қазақстан ДСҰ-на кіру барысында импорттық баждарды орта салмақтанған деңгейге дейін төмендетуі керек. Ал ДСҰ- дағы импорттың орта салмақтанған қойылымы - 4 %.
3.2 Ауылшаруашылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы
Қазақстанда көмекті қажет ететін жалғыз сала - ауыл шаруашылығы. Тек бұл сала бойынша ДСҰ шеңберінде дотациялар мен субсидиялар көзделген. Алайда қосылушы елдердін ең киын келісім сөздер кезеңі осы сала бойынша жүргізіледі. Қазақстан үшін бұл экономико-құраушы салалардың бірі. Оның ЖІӨ- де алатын үлесі 1990 ж. 34% қазіргі кезде 8.5- 9% дейін төмендеді. Ауылшаруашылығы дамуның болашағымен Қазақстан халқының 44% тағдыры тығыз байланысқан.
3.3 ҚР ДСҰ- на кіруі жайындағы келісім сөздер
Қазақстанның ДСҰ- на кіру үрдісі 1996 ж. 26 қаңтарында басталды. 1996- 2002 ж.ж. аралығында ДСҰ- на кіру жөнінде көптеген ақпараттық мәліметтер көлемі бағытталған.
Осы уақыт ішінде Жұмыс тобының 7 отырыстары мен Қазақстанның нарығына тауарлар мен қызметтердің енуі жайында бастапқы ұсыныстарды талқылау жөнінде 13 екіжақты келісім сөздер жүргізілген.
Халықаралық сауда ережелеріне республика заңнамасының сәйкестенуі арта түсті. Ішкі нарықты, селекционды жетістіктерді қорғау, стандартизация, патенттер жайында жаңа заңдар қабылданып, кедендік заңнамаға өзгертулер енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді.