Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдасты
Жоспар
1 Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру 3
1.1 Білім туралы мәліметтердің статистикалық есебін ұйымдастыру 3
1.2 Жалпы мемлекеттік статистикалық есеп беру 3
1.3 Ведомствалық статистикалық есеп беру 4
1.4 Мектепке дейінгі ұйымдардың есеп беруі 5
2 Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің есеп беруі 6
2.1 Бастапқы кәсіптік-техникалық мектептің есеп беруі 6
2.2 Мемлекеттік статистика органындағы статистикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы 9
2.3 Мектепке дейінгі ұйымдар № 85-К нысаны бойынша мемлекеттік есеп беру тәртібі 13
1 Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
1.1 Білім туралы мәліметтердің статистикалық есебін ұйымдастыру
Білім беру статистикалық заңнамасы Қазақстан Республикасының 1997 жылы 7 мамыр № 98.1. «Мемлекеттік статистика туралы» заңға сәйкес жүргізіледі.
Жинақтаудың негізгі принциптері, статистикалық мәліметтерді өңдеу, осы заңмен анықталады. Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты Халықаралық стандартқа және ғылыми әдістемеге бағытталған. Статистикадағы негізгі саясат алғашқы мәліметтер жүйесінің бірегейлік қағидасын ұстанады. Мемлекеттік статистикалық бақылаудың саны және статистикалық жоспардың орындалғаны Қазақстан Республикасының Үкіметімен бақыланады.
1.2 Жалпы мемлекеттік статистикалық есеп беру
Жалпы мемлекеттік статистикалық есепте статистикалық бақылаудың барлық түрлері кіреді (бақылау, кезеңдік есеп беру, бір күндік есеп, санақ түрлері, ішінара бақылау, сұрақ-жауап, корреспонденттік және инспекциялық т.б. бақылаулар). Бағдарламалар мен форма түрлері және оларды толтырылу ережелері Қазақстан Республикасының Статистика Агенствосымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңына сәйкес, Мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде үздіксіз (үзіліссіз) және жалғастырушылық білім жоспары 4 деңгейден тұрады:
1.3 Ведомствалық статистикалық есеп беру
Облыстарға ведомствалық статистикалық іс-әрекетінің қорытындысы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі деңгейімен анықталады. Білім беру статистикасындағы ведомствалық есептің мәнді есептеу көрсеткіші болып табылады. Қазіргі кездегі ведомствалық талдау мыналарды сипаттайды: мұнда жиналған мәліметтер өзінің көрсеткіштерін толық сипаттай алады, есептерді шешеді.
1.4 Мектепке дейінгі ұйымдардың есеп беруі
Мемлекеттік статистикалық есеп «Мектепке дейінгі ұйымдастыру есебі» № 85 К формасы бойынша жүргізіледі. Есептің формасы Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 30 С бұйрығымен бекітілген. № 85 К форма бойынша статистикалық есепті жылына ең кемінде 10-ай жұмыс істейтін мектепке дейінгі тұрақты ұйым (бала бақша, мектеп-бала бақша, бөбекжай-бақша және бөбекжай) ведомствалық иелігі мен меншік нысанына қарамастан жасайды.
2 Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің есеп беруі
2.1 Бастапқы кәсіптік-техникалық мектептің есеп беруі
Мемлекеттік статистикалық есеп беру «Күндізгі жалпы білім беру мектебінің есебі» № ОШ-1 нысаны бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 19-Г бұйрығымен бекітілген № ОШ-1 нысаны бойынша статистикалық есепті әрбір мемлекеттік және мемлекеттік емес күндізгі жалпы білім беретін мектептер (бастауыш, негізгі, орта, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп, айрықша тәрбие жағдайларына мұқтаж балаларға арналған мектеп, жалпы типті мектеп-интернат, балалар үйлері жайындағы мектеп, санаторийлік-орман мектебі, балалар санаторийі мен емдеу мекемелері жайындағы мектеп, арнайы пәндермен қатар жалпы білім беретін, орта мектептің көлемінде жалпы білімдік пәндер оқытылатын орта музыкалық, көркем сурет және спорт мектептері) ведомствалық бағыныштылығына қарамастан толтырады.
2.3 Мектепке дейінгі ұйымдар № 85-К нысаны бойынша мемлекеттік есеп беру тәртібі
Есептің барлық көрсеткіштері мектепке дейінгі ұйымдардағы бастапқы есепке алу құжаттамалары - бұйрықтар мен жарлықтар кітабы, балаларға арналған жолдамалар, қызметкерлердің жеке іс - қағаздары, сәбидің медициналық картасы, жұқпалы ауруларды тіркеу журналы, балалардың күн сайын келу есебінің табелі, техникалық төл құжат т.с.с. деректері бойынша есепті толтырғанда мыналардың есте болуы қажет: