Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 97 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Жеке адамның моральдық залал шегуі оған қылмыстық қастандық жасаудың салдары және залалдың орнын толтырудың түсігі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 тарау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу 6
1.1 Іс жүргізу шығындарың өтеу мәселелері және төлеттіру тәртібі 6
1.2 Азаматтардың мүлкіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік 10
1.3 Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік 39
2 Тарау. Жеке адамның моральдық залал шегуі оған қылмыстық қастандық жасаудың салдары және залалдың орнын толтырудың түсігі 67
2.1 Жеке адамға қылмыспен келтірілген моральдық зиян ұғымы және түсінігі 67
2.2 Моральдық зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің залалдың орнын толтырудың түсінігі 80
ҚОРЫТЫНДЫ 93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 97

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында құқықтық реформа қалыптасуының бірінші кезеңі аяқталып келеді; оның екінші кезеңінің бағдарламасы талқылануда. Азаматтар құқықтарының басымдылығы мен заң жүзіңде қорғалатын жүлделерінің конституциялық жағдайын жүзеге асыру, сөз жоқ, реформада басты орын алуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 шілдеден бастап күшіне енген Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) қолданылып жүрген заңдардағы көптеген олқылықтардың орнын толтырып, біздің құқықтық жүйені дамыған елдердің құқықтық жүйелеріне жақындата түсті. Осыған қарамастан, азаматтық құқық қатынастарын реттейтін Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін және басқа нормативтік актілерді қабылдау және кейін қолдану тәжірибесін басшылыққа ала отырып, Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі аяқталған түрге жету үшін біраз уақыт және қажырлы еңбек ету керек деп сенімділікпен айтуға болады.

1 тарау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
1.1 Іс жүргізу шығындарың өтеу мәселелері және төлеттіру тәртібі
Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі.
Қылмыстық процесті жүргізетін орган, бұған негіз болған жағдайда сезіктіні, айыпталушыны заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы. Бүл ретте адвокаттың еңбегіне ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
Адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар ҚР ҚІЖК 71-бабының үшінші бөлігінде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келісім жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да республикалық бюджет қаражатының есебіне жатқызылуы мүмкін.

1.2 Азаматтардың мүлкіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік
Мүлікке қылмыспен зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қолдану мәселесі сөз болғанда, оның проблемаларын, оның ішінде осындай жауапкершілікті жүзеге асыруға байланысты проблемаларын жан-жақты талдау қажеттігі туатынын ескертеміз. Осыны негізге ала отырып, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жөніндегі заңдарды, заңгер-ғалымдардың тиісгі теориялық көзқарастарын және мүлікке келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі нормаларды қолдану практикасын - қарастыру объектісі етіп алу көзделеді. Бүл осындай зиянның орнын толтыру практикасында кездесетін кемшіліктер толып жатқан себептердің салдары екеніне байланысты болады.

1.3 Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік
Мүлікке қылмыспен зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қарау кезінде пайдаланылған материалдар бойынша азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілікті қарастыра отырып, бүл салада да зерттелмеген және шешімін таппаған проблемалар бар екенін атап көрсету керек, ол кейде тіпті мүлікке келтірілген зиян үшін жауапкершілік проблемаларының шешілмеу дәрежесінен асып түседі.
Бүл адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыс арқылы азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі сот практикасынан да байқалады. Әдетте, ол қылмыстық істердің басым көпшілігін қарауда ескерілмеген. 1993-1997 жылдары Алматы қаласының, Алматы облысының соттарында қаралған адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар жөніндегі 450 қылмыстық істі зерттеу азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу - қаралған істердің 1 пайызына да жетпейтінін көрсетті. Сірэ, мүны мүлікті жою жэне бүлдіру адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді екінші қатарға ығыстырғандай түсіндіруге болар. Адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ол жөнінде әлдебір ақшалай (мүліктік) мазмүндағы қатынастар тумайтын «баға жетпес қазынаға» байланысты қарастырылады.

2 Тарау. Жеке адамның моральдық залал шегуі оған қылмыстық қастандық жасаудың салдары және залалдың орнын толтырудың түсігі
2.1 Жеке адамға қылмыспен келтірілген моральдық зиян ұғымы және түсінігі
Азаматтық құқық теориясында моральдық зиянға жәбірленушіге жан азабын немесе тән азабын келтірген, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін мүліктік емес зиян ретінде анықтама беріледі.
Моральдық зиянның алғашқы жария анықтамасы іс жүзінде келтірілген анықтамадан өзгеше болған жоқ, - азаматқа заңсыз әрекетпен келтірілген жан азабы мен тән азабы моральдық зиян ретінде түсінілді. ҚР-ның АК-нде мұндай азаптар жәбірленушінің басынан кешірген қорлануы, ызалануы, ашулануы, ұялуы, түңілуі, тән қиналуы, залал шегуі, қолайсыз жағдайда қалуы және т.б. ретінде нақтыланады.

2.2 Моральдық зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің залалдың орнын толтырудың түсінігі
Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің шегі туралы мәселе айтарлықтай алға қойылған емес. Алайда, әділетті, дәлелді сот шешімдерін шығару үшін оның принциптік маңызы болатыны күмән туғызбайды. Мүлікке келтірілген зияң үшін және адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіруден туған мүліктік зиян үшін жауапкершіліктің шегін анықтау кезінде тұжырымдалған өлшемдер моральдық зиян үшін жауапкершіліктің негізін құрауы тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осы зерттеудің негізінде біз мынадай қорытындыға келдік:
- қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық тұрғыдан алғанда зиян ұғымы әр түрлі болып ұғынылады және қылмыспен келтірілген зиян үшін жауапкершілік шараларын қолдануда бұл айырмашылық ескерілуі тиіс;