Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп және аудит

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 85 стр.

Полный просмотр работы

Табыстар аудитінің бағдарламасы мен табыс есебінің аудиті


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТАБЫСТАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 8
1.1 Табыстар есебінің түсінігі, мәні мен маңызы 8
1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері 18
2 «ЖАЙНА-ЖАМИЛЯ» ЖШС-нің ТАБЫСТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 43
2.1 Негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың есебі 43
2.2 Серіктестіктегі шығындардың есебін жүргізу 47
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТАР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 60
3.1 Табыстар аудитінің бағдарламасы мен табыстар есебінің аудиті 60
3.3 «Жайна-Жамиля» ЖШС-нің табыстар мен шығындар есебін жетілдіру 76
ҚОРЫТЫНДЫ 82
Қолданылған әдебиеттер тізімі 85

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономи-касының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi кәсіпорын табысын анықтау өте маңызды орын алады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның табыстылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетті.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығай-тып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагентті қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде табыс тақырыбы, оның маңыздылығы, кәсіпорынның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Мемлекеттің экономикалық саласын, кәсіпорын табысын тиімді пайдалану мен жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономика саласындағы оқымысты-ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген тұжырымдамаларын айтуға болады. Олар қазақстандық В.К.Радостовец, С.С.Сатыбалдин, К.Ш.Дюсембаев, К.К.Кеулімжаев, М.С.Ержанов, Ф.С.Сейдахметова, А.Байдақов, Э.Нұрсеитов, К.Т.Тайғашинова, Ж.Н.Айтжанова, Р.Е.Джаншанло, М.У.Жандаулетова және тағы басқалар.
Аталмыш тақырып шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Ф. Вуд, Э.С.Хендриксен, М. Ф. Ван Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, Б.Нидлз, Д.Миддлтон, Н.Г. Волков, Г.Мюллер, Ж.Ришар, А.Д.Шеремет, В.В.Ковалев, П.С.Безрукий, Е.Н. Домбровская, Р.Г. Каспина, А.С. Логинов, Л.И. Куликов, М.И. Кутер, В.Д. Новодворский, В.Ф. Палий, Е.В. Самойлов, Я.В. Соколов, А.К.Гоголев, Е.А.Мизиковский, Н.А.Прокофьева, Р.С.Ушаков, Е.Стоянова, Д.А.Ендовицкий,М.В.Новикова, О.В.Ефимова, А.В.Суворов, В.М.Родионова, С.А.Николаева, Г.А.Шакирова, Е.Ф.Никитская және басқалардың еңбек-терінде қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасын-дағы кәсіпорындарда жүргізілетін бухгалтерлік есепті заңдық негіздерге сүйене отырып ұйымдастыру тәртібін жетілдіру.
Осыған орай, «Жайна-Жамиля» Жауапкершілігі шектеулі серіктесті-гінде табыстар есебін жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: бухгалтерлік есепте табыстар есебін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндет-терін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, табыстар есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-табыстар есебінің түсінігі, мәні мен маңызы зерттелді;
-табыстардың жіктелуі қарастырылды;
-табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері жүйеленді;
-«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметінің экономикалық-ұйымдастыру сипаты берілді;
- кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен табыстар есебі қарастырылды;
- кәсіпорынның пайдасымен рентабельділігінің есебі ұйымдастырылды;
-табыстар аудитінің бағдарламасы жасалды;
-кәсіпорынның табыстар есебі мен аудиті жетілдіру жолдары ұсынылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар бухгалтерлік есепке қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында табыс есебін ұйымдастыру бойынша, бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.
Зерттеу пәні –бухгалтерлік есепте табыс есебін ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының құндылығы: жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша есеп саласының барлық бухгалтерлік жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды.
Сонымен қатар өндірістік кәсіпорнында бухалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік базаны кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі тәжірибелік құндылығы көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Бірінші тарауда, кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негіздерінен бастау алатындықтан бізде зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауын «Табыстар есебінің теориялық негіздері» деп атап, табыс туралы жалпы түсінік бере отырып, оны реттеу механизмдерін қарастырамыз.
Екінші тарау «Кәсіпорынның табыстар есебін ұйымдастыру» деп аталады. Онда «Жайна-Жамиля» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мысалында негізгі қызметтен түскен табыстар мен кәсіпорынның пайдасы және рентабельділігінің есебін ұйымдастырамыз.
Үшінші тарауда, табыстар аудитінің бағдарламасы анықталып кәсіп-орынның табыстар есебі мен аудиті және оны жетілдіру жолдары қарастырылатын болғандықтан да бұл тарау «Кәсіпорын табыстарының аудитін жетілдіру» деп аталады. Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1 ТАБЫСТАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Табыстар есебінің түсінігі, мәні мен маңызы
Экономикалық әдебиеттерде табыстар мен шығындарды тану, бағалау, есепке алу, талдау, жіктеуге арналған біршама зерттеулер кездеседі.
Шетелдік экономист ғалымдар Л.А.Бернстайн, Г.Мюллер, Х.Гернон, Г.Милк, Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл, Ж.Ришар, Т.Скоун, Р.Энтони, Дж.Рис және басқалары компаниялардың кіріс және шығысының әдістемелік сұрақтарын қамтитын әртүрлі елдердің есептеріне және есептемелеріне өздерінің еңбектерін арнады.

Кәсіпорын өз кезегінде құрылып отырып, алдына тауарлардың өндірісі, пайдалану үшін жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау сияқты міндеттерді қояды және белгілі бір мерзім аралығы үшін ақшалай жағынан өз жұмысының жоғары нәтижелілігін, басқаша айтқанда, жоғары пайданы алуды өзінің экономикалық мақсаты деп санайды.
Шаруашылық етудің жаңаша жағдайлары бухгалтерлік есептің әдістемесінде және ұйымдастыруында маңызды өзгерістердің негізін қалады. Көрсеткіштер - ақшалай түсім, пайда, таза құн қазіргі замандағы қазақстандық есептің негізгілері болып табылады. Тәжірибеде, бухгалтер-талдаушылар жоғарыда айтылған көрсеткіштерді есепке алуда және талдауда көптеген мәселелерге жолығады. Негізгі мәселелер мыналар болып табылады:

1.2 Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы нормативтік актілерде ұйымдардың табыстары мен шығындары әртүрлі жіктеледі. Алайда, нормаларды жазу кезінде негізінен басқа да міндеттер қойылатындықтан, қандай да бір амалмен бұл жіктелімдерді тұжырымдау және жүйелеу оңайға соқпайды. Сол уақытта нормативтік актілерге әртүрлі түсініктер түрінде ұсынылған осындай жіктелімдер қаржыгердің, бухгалтердің және аудитордың жұмысын әжептәуір жеңілдете алады.

Нормативтік-құқықтық реттеу - заңмен, нормативтік құжаттармен, ережелермен қарастырылған нормаларға және ережелерге қатысты аудиторлық тексерістер объектілерінің қызметіне зерттеу жүргізу.
Есепке алу құжаттарына тексеріс жүргізу (зерттеу) дегеніміз- шаруашылық операцияларды жүзеге асырудың растығын орнатудың тәсілдерін айтады. Олар мыналар болып табылады: құжаттарды тексерудің тәсілдері, фактілі бақылау жасаудың тәсілдері, бақылау, есептеу, сұрау салу, инспекция және т.б.


Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоапарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі [14,51б].


Бұл тізім заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерін серіктестік берілген лицензия жүзінде жүзеге асыра алады [16].
Кесте 1 - «Жайна-Жамиля» ЖШС-ң Активтердің құрамы мен құрылымы

Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі. Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы 2 – ші кестеде берілген.
Кесте 2 - «Жайна-Жамиля» ЖШС-ң Пассивтердің құрамы мен құрылымы

2 «ЖАЙНА-ЖАМИЛЯ» ЖШС-нің ТАБЫСТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың есебі
Негiзгi және негiзгi емес қызметтерден алынған табыс жылдық жыйынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық запастарды сатқан-нан, қызмет көрсеткеннен, кәсiпорынға жататын активтердi пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкiн.
Табыс дайын өнiмдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келiсiмшартта анықталады: ал мәмiледен шығатын табыс сомосы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңiлдiктерiн ескере отырып; олардың құндарын өлшейдi. Сатып алушылардың алған активтер үшiн төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде.

6030 – «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.
6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтiрiлген.
Кесте 3
«Негізгі қызметтен түсетін табыс» шотының корреспонденциялары

2.2 Серіктестіктегі шығындардың есебін жүргізу
18 ХҚЕС-ның принциптерінде табыстар түсімге және басқа да кірістерге бөлінеді. Ұйым тауарларды және өнімдерді сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, өзінің мүліктерін және қарыздарын пайдалануға ұсыну, инвестициялық қызметтерді жүзеге асыру кезінде өзінің қарапайым (негізгі) қызметінің барысында ақшалай түсімді иемденеді.
Өз кезегінде, шығындардың ішінде негізгі қызмет және шығындар бойынша шығындар бөлініп шығады. Негізгі қызмет жөніндегі шығындар өнімділік, яғни табыс әкелетін шығындар болып табылады (мысалы, сатылған тауардың таза құны, еңбекті төлеуге кеткен шығындар, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясы, коммерциялық және басқаруға кеткен шығындар). Шығындар активтердің ағымдары (мысалы, сатылған өнімдерді немесе басқа да мүліктерді есептен шығару) немесе міндеттемелердің өсуі (шығындарды есептеу кезінде, мысалы пайыз бойынша немесе қызмет көрсетулерді төлеу бойынша) нысанын қабылдайды.

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТАР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Табыстар аудитінің бағдарламасы мен табыстар есебінің аудиті
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты, қатал бақылау-тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін сол елде – бәсекелестік қамтамасыз ету үшін шешуші роль атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нақты қатынас жолмен дамудың тиімділігі іске асырылады, немесе «ойын тәртібі» сақталмаған елде экономикалық нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іс жүзінде орындалмайды.

3.3 «Жайна-Жамиля» ЖШС-нің табыстар мен шығындар есебін жетілдіру
Ұйымдардың шаруашылық қызметі процесінде, оның ішінде осы дипломдық жұмыста талданып отырған ЖШС-ның осындай уақытша айырмашылықтар және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ тұрақты және кейінге шегерілген салық міндеттемелері және кейінге шегерілген салық активтері туындауы мүмкін.
Уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ тұрақты және кейінге шегерілген салықтық міндеттемелері және салық активтері, құрылыс мердігерінің келісімі бойынша жұмыстарды орындауда (сыртқы айналым активтерінде салымдарды жүзеге асырудың әртүрлілігі сияқты) жөндеу жұмыстарының (өтелімдерді, материалдық-өндірістік қорларды есептеу және т.б. кезінде) таза құнын қалыптастыру кезінде, сондай-ақ олардың шығып қалуы кезінде туындауы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Яғни, өндірістің және айналымның қаржылық қортындысын білдіретін кәсіпорын жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Сонымен табыс дегеніміз өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақшалай кіріс, ал оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы таза табысты білдіреді.
Пайданы көп табу үшін бүгінгі күннің талабына сай бәсекелестікті жеңіп, өз әріптестерінің арасында алдыңғы қатарлы ұйымға айналу диплом жұмысының объектісі ретінде материалдары пайдаланылған «Жайна-Жамиля» ЖШС-нің басты мақсаты.