Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Өркениет шамын жағушылар

Біздің атлантроп ататегімізден кейін өрбіген беймәлім «бабаларымыз» б.д.д. 10-8 мыңжылдықтарда мезолит заманында-ақ тағы аттарды қолға үйреткен. Б.д.д. 7-6 мыңжылдықтарда неолит заманында олар адамзат тарихында тұңғыш рет ағаштан арба жасаған. Б.д.д. 6-5 мыңжылдықтарда энеолит заманында темір мен қоладан таға, үзеңгі, жебе құйған. Мұны кезінде көне грек тарихшысы – Фукидод (б.д.д. 461-400 жылдар), көне Рим тарихшылары – Тимн (Тимей) б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлар), Тацит Публи (б.з 56-177 жылдары) жазып кеткендіктен, кешегі, бүгінгі Әлем тарихшылары амалсыздан мойындап отыр. Сөйтіп, олардың (тарихтың нақты деректеріне сүйене айтсақ): тур, иам, убон, сай, ас, ассы, иссидон тайпаларынан құрылған турлар (көнетүркілер) бірлестігінің: ар, арг, қыпшақ, огуз, қарлұқ, қаң, массагет тайпаларынан құралған арий (көнетүркілер қандасы) бірлестігінің: ка, кас, пи, каспы, дай, дах тайпаларынан құралған кассит бірлестігінің (бұлар да солай) біраз тайпалары (оғыз, қарлұқ, қыпшақтар) алыс-жақында қалыптасқан құрлық жерлерді еркін кезіп жүріп, шамамен б.д.д. 8-6 мыңжылдықтарда Алғы Азияға, Еуропаның батысына өткен.

Б.д.д. 3-2 мыңжылдықтарда ассирлер-ассириялықтар, бабылдар-вавилондықтар элам, омерейхермен қосылып шумерлер жерін жаулап алып, мемлекетін талқандады. Ефрат–Тигр өзендері бойындағы шумерлер салған қалаларды өздеріне қаратты. Шумерлер өнерін, жазуын «өздерінікі» етті. Содан кешегі «шәкірттер» – ассирлер: шумер, тур ұстаздарын: – а-su-z-a-аскоза; парсылар: scutb-скиф (сақ); еврейлер-askenaz-аскеназ деп кемсітті немесе олар біздің ежелгі түпқиян бабаларымызды: tіgraһauda-тиграхауда (ұзын бөріктілер); kһamobargo-хамобарго (қымыз ішушілер) деп қорлады. Олар әлі шайқасып беріспей келе жатқан турларды Шығыс Европаға, Жерорта теңізі өңіріне қарай ығыстырды.

Арқаны – «Дешті қыпшақ Даласы» мекендеген ежелгі тайпалардың әрекеттерін мадақ етуіміз содан. Сол арқылы бүгінде он жылдық тарихтың қас қағым сәті ішінде қазақ жерін барыс болып күзететін қиялда ғана елестетуге болатын Астанадай ғажайып Елорда шаһарын орнату сол тайпалардың бүгінгі ұрпақтарының қолынан ғана келгендігін мадақ ету еді! Шамамыз келгенше соны жаздық.