Әлеуметтік басқарудың мазмұны
Жоспар
Кіріспе 3
І-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық талдау 5
1.1. Әлеуметтік басқарудың мазмұны. 5
1.2. Қоғамды басқарудың заңдары мен принциптері 8
1.3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен осы саладағы сілкіністер 18
ІІ-тарау. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне жалпы шолу 22
2.1.Бөлімнің құрылу тарихы 22
2.2. Бөлімнің атқаратын міндеттері, қызметі мен құқықтары 25
2.3. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымы 30
III- тарау. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен
механизімі 42
3.1. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты мен тапсырмалары 42
3.2 Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру 47
3.3 Халықтың жұмыс бастылық өнімімен еңбек қатынастарын жетілдіру 50
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттер 59
Кіріспе
Мен осы дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайымен осы саладағы атқарылған және алдағы уақытта болжанып отырған мәселелерді, жаңа бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық жолдауын пайдалана отырып жұмысымды кең ауқымда мағынасын ашуға тырыстым.
І-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық талдау
1.1. Әлеуметтік басқарудың мазмұны.
Кез келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қандай? Жалпы басқару дегеніміз не? Бұл жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні - басқару бір жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ықпалы, сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын өзгертеді.
Қоғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен қоғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Қоғамды басқару дегеніміз - қоғамды реттеу, тәртіптеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында коғамға жасалған ықпал.
1.2. Қоғамды басқарудың заңдары мен принциптері
Қоғамды басқарудың субъектісін тар мағынада қарастыратын болсақ, ол - белгілі нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік жүйеге саналы түрде ықпал етуді қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік және қоғамдық органдар, қызметтер.
Әлеуметтік басқарудың объектісін кең мағынада алсақ, ол - халықтың өмір деңгейін арттыру; коғамда әлеуметтік әділеттілікті бекіту; мәдени деңгейді көтеру; адамдардың еңбек жағдайларын жақсарту болып есептелінеді.
1.3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен осы саладағы сілкіністер
Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың кезекті сатысы аяқталды деп айтуымызға болады. Реформа жылдарында негізінен халықгы әлеуметтік қорғаудың нарық экономикасына лайықты жаңа үлгісі жасалды.
ІІ-тарау. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне жалпы шолу
2.1.Бөлімнің құрылу тарихы
Индер аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі 1943 жылы ауатком жанынан құрылған, негізінен жәрдемақы тағайындаумен айналысқан. Мұнда жеті адам жұмыс істеген. Бөлім меңгерушісі А.Аққали, аға инспектор С.Аққалиев болған. 1947-1962 ж.ж. бөлімге Ж.Дүйсалиев, Б.Бозбаев, И.Досанов, Ж.Таңатарова, 1965-1977 ж.ж. Б.Жұмағалиев, 1977-1985 ж.ж. Ж.Серікқалиев, 1985-1995 ж.ж. М.Ахметова меңгерушілік жасаған, 1995 жылдан Ө.Нұриев бөлімді басқарады. Заман талабына сай бөлімнің аты да, міндеті де өзгеріп отырған. Бірде ол халықты әлеуметтік қорғау бөлімі 1997 жылдан Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, ал 1999 жылдың сәуірінен бастап Аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі атанды.
2.2. Бөлімнің атқаратын міндеттері, қызметі мен құқықтары
Бөлімнің негізгі қызметтері:
1. еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын негізгі бағыттарын іске асыру, оның орындалуын үйлестіру, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
2. жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейшілік ауқымын кеміту, еңбекақы төлеуді жетілдіру бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар алу;
3. халықты атауы әлеуметтік қорғау, мүгедектерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да тобын қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
2.3. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымы
Бөлімді директор басқарады. Аудан әкімі оны қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Директордың заңнамаларда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Директор бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
III- тарау. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизімі
3.1. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты мен тапсырмалары
Мемлекет саясатшылары халықты әлеуметтік – экономикалық жағынан қамтамасыз ете отырып олардың тіршілік деңгейінің жоғарлауына көмектеседі. Ел дамуының әрбір кезеңінде әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі анықталады. Алғашқы дағдарыс жылдары экономиканың және қаражаттың мүмкіншіліктері экономиканың құлдырауының жоғарғы дәрежесімен және өндірістің төмендеуімен сипатталады және жұмыссыздыққа әлеуметтік сфералық даму мүмкіншіліктеріне шек қойылған болатын.
3.2 Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру
Мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың жетілдіруі жүйесін болжайды:
- Негізгі әлеуметтік нормативтік бекіту , анықтау, әлеуметтік нормативтермен стандарттарды қамсыздандыруға мүмкіндік береді;
- Стандарттардың жүйе құруы өзара байланыс шамалары және құрылыс элементтерінің құрылымы;
- Негізгі конституциялық кепілдіктердің орындалуына мүмкіндік жасау.
3.3 Халықтың жұмыс бастылық өнімімен еңбек қатынастарын жетілдіру
Өнімді жұмыс бастылықтың саяси мақсаты: тиімді жұмысбастылықты қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмысшы күш сапасын жоғарлату, жұмыс күші ұсыныстарымен жұмыс орындары санын баланстау, ұлттық еңбек нарығын қорғау.
Қорытынды
Дипломдық жұмысымның қорытындысында айта кететін жағдай қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғау саласына мемлекет тарапынан көп көмек көрсетіліп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы біраз жақсарып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасы Конституциясы» Алматы, 2003ж.
2. «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР-ның Заңы.
3. «ҚР-ның Еңбек туралы» Заңы.
4. «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымы туралы» Заңы.
5. «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
6. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы.
7. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы жолдауы.
8. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ұйымдастыру
бөлімінің мұрағаттық анықтамасы.
9. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ұйымдастыру
бөлімінің ережелері.
10. Индер ауданының халқын жұмыспен қамтудың 2006-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы.
11.«Әлеуметтану негіздері» Ихсанов А.И. Алматы-2004ж.
12.«Әлеуметтану» Аяғанов Б. Алматы-1993ж
13.«Әлемдік әлеуметтік антологиясы» Абдрахманов С. Алматы-2006ж
14.«Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» Әжіғалиев С.
Алматы-2005ж
15.«Әлеуметтік амбиваленттілік және басқа очерктер» Аяған Б.
Алматы- 2001ж
16.«Әлеуметтік жүйе» Шаукенова З.К.
17.«Демократиялық дамудың негізі»
18.«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы»
19.«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамалық актілер 2007ж
20.«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»
21.«Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік»
22.«Әлеуметтік әріптестік тараптарды басқару»
23.«Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару»
24. «Егемен Қазақстан» №126. 2007 ж.
25.«Егемен Қазақстан» №144, 2007ж.
26.«Территориальная выборка в социологических исследованиях»
Ядов В.А. 1998г
27.«Система современных обществ» Парсонс Т. Москва-1998г
28. «Саясат» журнал Спанов И.
29. «Тәуелсіздік толғау» Әуелғазина - Астана
30. «Тәуелсіздігіміздің бес жылы» -Алматы
31.«Политология» Малинин Г. Москва
32.«Демографический ежегодник Казахстана» Абдиев - Алматы 2005