Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыс Қазақстан халқының әлеуметтік - тұрмыстық ахуалы

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, жалпы бүкіл КСРО-ның халықтарына тән ауыр болды. Еліміз неміс-фашист басқыншыларымен соғысып жатқандықтан тылдағы басты мәселе - майдан қажеттілігін қамтамасыз ету еді. Еңбекшілер таң ата елей - алаңмен жұмысқа кетіп, түн бата үйлеріне қайтатын. Оның үстіне соғыс басталған алғашқы күндерден бастап, олар әрбір апта соңындағы демалыстан бас тартқан-ды. Еңбекпен қоса бар алаңы майданнан жеткен хабар болатын. Қызыл әскердің алғашқы кездердегі уақытша жеңілісі қынжылтып, ұрыстағы әрбір жеңісі қуантатын. Әлеуметтік-тұрмыстық ауыртпалық көпшілік жағдайда еленбейтін болды.

Мұның өзі халықтың тұрмысына әсерін тигізіп, материалдық әл-ауқатын төмендетіп жіберді. Мемлекеттік сауда көлемінің азаюына байланысты рынок бағалары күрт өсіп, ақшаның саудалық құны төмендеп кетті. Сондықтан қалалық жерлерде азық-түлікке карточка жүйесі енгізілді. Бұл халықты қажет азық-түлікпен бірыңғай нормамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді [2, 283-284 бб.].

Мұндай жағдай Батыс Қазақстанның барлық облыстарында кездесті. Мұрағат құжаттарында соғыс жылдарындағы халықтың арыз-өтініштерін қарағанда негізгі бөліктері аш екендігін тамақ пен киім ғана сұрап өтініштерін білдірсе, кейбір құжаттарда халық жағдайын ашық көрсетілді.

Транспорттың болмауына байланысты медициналық қызметкерлер эпидемия ошақтарына уақытылы бара алмаған кездері де болды. Мәселен, Форт-Шевченко ауданында медицина қызметкерлерінің бригадасы 4 желтоқсаннан 28 желтоқсанға дейін 20-күннен астам уақыт ауданнан ауру ошағына бара алмады. Осының салдарынан ауруларды емдеу, ауруханаға жатқызу, ошақтарды өңдеу жұмыстары кеш жүргізілді [12, 72-п.].

Қорыта келгенде, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы өте ауыр болды. Азық-түлікке деген зәрулік халықтың әлсізденуі мен ашығуына әкеліп соқтырса, өнеркәсіп тауарларының тапшылығы, санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталмауы, тұрғындар арасында дер кезінде эпидемияға қарсы шаралардың дер кезінде жүргізілмеуі және тұрғындардың санының көбеюі түрлі эпидемиялық аурулардың таралуына әкеліп соқтырды. Мемлекет тарапынан кеште болса, шұғыл шаралардың қолданылуы эпидемиялық аурулардың республика көлеміне кең етек алуына тосқауыл бола алды.