Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Орманшылық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ормантану


Жоспар
1 Ормантану 3
1.1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары 3
1.2 Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік 5
1.3 Орманның негізгі элементтері 9
1.4 Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері 11
1.5 Орман және климат 17
1.6 Орман және жарық 18
1.7 Орман және жылу 19
1.8 Орман және жел 21
1.9 Ауа және орман 22
1.10 Орман және ылғал 23
1.11 Орман және топырақ 24
1.12 Орман және фауна 28
1.13 Орманның қорғаушы қасиеттері 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

1 Ормантану
1.1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары
Ормандарды жүйелеу – орман типологиясының негізгі мәселесі.Ал орман шаруашылығы ғылымдарының ішінен өзіндік тармақ болып бөлінуге әсер еткен XIX ғасырдағы орыс орман шаруашылығында пайда болған «екпе ағаштар типтері» деген түсінік.Сондықтан «құрғақ алқаптағы» және «сулы алқаптағы» орман типтері деп бөледі.
Ормандарды типологиялық жүйелеуді морфологиялық жүйелеумен араластыруға болмайды.Өйткені морфологиялық жүйелеу орман таксациясының әдістеріне сүйенеді. Ал таксациялық жүйелеу екпе ағаштардың сыртқы және әсіресе сандық белгілерін анықтайды, яғни құрамы, тұқымдар басымдығы, толықтығы, қабаттар саны, бони тет, екпе ағаштар шығу тегі, өнімділік, өсу барысы. Орманның құрамы, құрылымы, өнімділігі және өсу аймағын бағалаудатаксациялық сипаттама құнды негіз. Бірақта, орман шаруашылығы ісінде орман белгілерін біріктіріп сосын табиғи өсулердің әр түрлілігін түсіндіруде таксациялық әдістемелік орманшылардың қөңілінен шықпаған. Сондықтан орман типологиясы пайда болды, ол өсімдіктерді, кең биологиялық және географиялық негізінде, айқын белгілерімен жүйелейді.

1.2 Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік
Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің – сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағнасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі өмірлік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.
Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар – жан – жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады.

1.3 Орманның негізгі элементтері
Белгілі бір жерде орман ешқашанда бір текті болмайды. Оларда сыртқы және ішкі белгілері және қасиеттерімен айырмашылық болады. Сондықтан іс жүзінде топтайды. Орманның негізгі компоненті – орман өсімдіктері және оның құрылымдық бөліктері: сүрекдіңдері, жас шыбықтар, шілік, шабан өркен, тірі бүркеме дақыл, орман төсеніші ж.т.б.
Орман өсімдіктері – сүрекдіңдерінен, сонымен қатар, жаңа өсулерден, шіліктен және тірі бүркеме дақылдан құрылатын орман участогі. Орман өсімдіктерін орман фитоцинозы деп тауға болады (фитон - өсімдік, ценоз – жалпы, біріккен). Оған ағаштар, бұталар, шөтесін өсімдіктер, мүктер, қыналар, орман төсеніші жатады.

1.4 Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері
Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері бар және ол тұқымдар құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен, бонитетімен, толықтылығымен, қабысуымен, қалыңдығымен, қорымен, өнімділігімен, даму жағдайымен топтастырылады.
Ағаш бітімінің құрамы – қалыптастыратын ағаш тұқымдарының тізбесі және әр тұқымның бітіміне қатынас дәрежесі. Егер ағаш бітімі бір ағаш тұқымынан немесе бірлі – жарым қоспадан құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе одан көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш бітімінің құрамы 10 – балдық жүйемен белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10 қайыңнан құралса, онда құрамы 7ҚЗАҚ деп бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді, ал сандар қосындысы 10 болу керек.

1.5 Орман және климат
Климат – географиялық орналасуымен анықталатын, бір жердегі көп жылдық өзгермейтін ауа райы құбылымы. Ол негізінде астрономиялық және физикалық – георгафиялық жағдайлардың әсерімен қалыптасады.
Астрономиялық жағдайлар жер бетіне күн сәулесінің бір келкі түспеуін тудырады. Ол сәулелік және жылулық теңдіктің, ормандардың вегетациялық кезеңдерінің қалыптасуына, яғни жыл кезеңдеріне, метеорологиялық жағдайларының өзгеруіне әсер әсер етеді, сонымен қатар ағаш және бұта өсімдіктері өсіп-дамуына мүмкіндік жасайды.

1.6 Орман және жарық
Орман өмірінде жарық климаттық факторлардың ең маңызды көрсеткіші, оны күннің сәулелік күші деп білеміз. Ал қысқаша жарықты жарықталумен теңдестіреді. Күн сәулесі болмаса фотосинтез үдірісі жүрмейді, яғни ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуы тоқтайды, органикалық зат - сүрек құралмайды.
Фотосинтез – космостық үдіріс. Оның әсерімен жыл сайын 1000 млрд – құрғақ органикалық зат құрастырылады, ол жер бетінің құрғақ және су көлеміне тең келеді. Құрғақ жер көлемінде ормандар 24,4 млрд.т. құрғақ органикалық заттар құрастырады, жайылымдар – 10,4, егістіктер – 8,7, шөлді жерлер – 5,4.

1.7 Орман және жылу
Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде өзгеріп тұрады.
Өсімдіктердің жылуға талабы әртүрлі және құбылмалы, жылу жағдайларына қойылатындай. Сондықтан жылу жағадайлары фактор ретінде орманның өсіуне әсер етеді. Ағаштар мен бұталар нольден жоғары температурада өсіп – дамиды. Ағаш өсімдіктерінің тамырлары топырақ температурасы 5º жоғарыда дамиды, фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің өнуі, гүлдеу және тісу әр тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ал суық ауа – райы гүлдеуді, жемістің пісуін, кейде өнімнің болмауына келтіреді.

1.8 Орман және жел
Жел, ауаның жер бетінде қыймылдауы, ол атмосфера қысымының біркелкі болмауымен байланысты, бұл экологиялық ықпал, сондықтан орман тіршілігіне көп әсер етеді. Ол әсер пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін және желдің жылдамдығымен байланысты. Желдің пайдалы мағнасы, көптеген шаруашылықта бағалы ағаш тұқымдастар (қарағай, шырша, емен, қайың, бал қарағай т.б.) желдің көмегімен тозаңданады. Оның көмегімен қылқан жапырақтылар және жапырақтылар ағаштарының дәндері жәйіледі. Қарағай, шырша, бал қарағай дәндерінің қанатшалары бар, онымен ұшу жеңілдейді.

1.9 Ауа және орман
Ауа газдардың табиғи араласы, атмосфера құрамындағы, негізінде азот (78 %) және өттегінен (21 %) тұрады. Тағы аргон (1 % шамасында), көмір қышқылы (0,03 %), инерттік газдар (неон, криптон т.б.) бар. Ауада шаң, түтін, өндіріс газдары, су, бектерийлер, вирустар және т.б. болуы мүмкін.
Ауалық азот микроағзалар тіршілігінің әсерімен жер бетінен бөлінеді және ағаш пен бұта өсімдіктерімен аз қолданылады. Ол жауын-шашын болғанда өсімдіктермен, ауадан түйін бактерийлермен қортылады. Топырақтағы азоттың, мағнасы зор, өйткені ағаштармен бұталардың негізгі көректік заты және белок молекуласына кіреді. Оттегі орманның тыныстануына керек, яғни органикалық заттар тотығын көмір қышқылы мен су айналады және энергия бөлінеді.

1.10 Орман және ылғал
Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге ылғал әсер етеді. Су тірі өсімдіктің құрамына кіріде, ол ағаш және бұта өсімдіктерінің тіршілігінде зор биологиялық роль атқарады. Оның тіршіліктік өсу орнында, жапырақтарда, шырынды жемістерінде 80...95 % дейін су болады.
Заттар ауысу, жасушалар бөлініп өсуі үдірістері, жасушаларда су, көп болса, қарқынды жүреді. Сусыз фотосинтез үрдісі де болмайды. Ұлпаның сусыздануы протоплазманың өлуіне келтіреді. Жасуша көректенуге керек заттардың ерітушісі су. Сумен бірге тамырдан жапырақтар және өсу нүктесіне минералдық заттар жеткізіледі. Ылғалсыз дәндер толмайды және өнбейді, яғни орман өзін-өзі толықтырмайды.

1.11 Орман және топырақ
Топырақ – ол табиғи құрылым, генетикалық біріккен топырақтық қыртыстардан құрастырылған, литосфераның жоғарғы қыртыстары судың, ауаның және тірі ағзалардың әсерімен өзгерулерден жасалған. Топырақтың құнарлығы бар, яғни ағаштар, бұталар және басқа өсімдіктерді азот, минералдық заттар және сумен керек мөлшерде қамтамасыз ете алады. Ол қатты, сұйық, газдалған және тірі бөліктерден құралады. Топырақтың негізгі массасы ұсақ топырақ, яғни 1 мм дейінгі қиыршықтары топырақ коллоидтары деп аталады. Ол қиыршықтар топырақтың механикалық құрамы және органикалық, минералдық, органикалық-минералдық -қоспалардан тұрады.

1.12 Орман және фауна
Ормандарды мекендейтін хайуандар түрлерініңбірлестігі, орман фаунасын құрастырады. Орман хайуандарға қорек және баспана береді. Ол жерде олар ұялар салады, індер қазады, дәндер мен жемістерді, бұталарды, жапырақтарды, шөптерді, жәндіктерді және басқа хайуандарды жейді. Орман топтануы күрделене және түршелене келе азық көбейеді, баспана берік болып орман фаунасыда әр түрленеді. Күрделі фауналық кешендер қалыптасады, олар орманның әр түрлі бөлігіне орайластырылады: топыраққа, төсенішке, шөптерге, бұталарға, ағаштарға.

1.13 Орманның қорғаушы қасиеттері
Іс жүзінде орманның барлығында қорғаушы қаситтер бар. Олар органикалық заттардың көбеюіне қатысады, ауаны от тегімен толықтырады, судың ағуын реттейді, климат пен ауа – райына әсер етеді, су көздері мен топырақты қорғайды. Сондықтан, орманды табиғи және қолдан жасалған деп арнайы бөледі, олардың мелиоративтік және қоршаған ортаны қалыптастыру мағынасы зор. Орманның бұл қаситтерін әр түрлі объектілерді қорғауға қолданады, біріншіден қолайсыз табиғи және антропогендік әсерлерден ауыл шаруашылық жерлерін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Орман кодексі.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
2 Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.
3 Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.
4 Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.
5 Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.
6 Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.