Шыңғыс хан және оның әулетінің дәуіріндегі қазақ халқы
XII ғ. басында Жұңғының (Қытай) солтүстігінде Тимучин басқарған моңғұл мемлекеті құрылды. Темучин боржегін ( «алтын ұрпақ» деген мағына) тайпасынан шыққан Ясукай батырдың баласы болатын. Ол өзінің бәсекелестерін бірінен соң бірін жеңе отырып, бытыраңқы монғол тайпаларының басын біріктіре отырып, экономикалық жағдайы дамыған, феодалдық қатынастар қалыптаса бастаған күшті саяси бірлестік құрды.
Бар билікті қолына алған Шыңғыс хан өз алдына бірнеше мақсат қояды: ішкі әлеуметтік-саяси қайшылықтарды болдырмау; көрші елдерді басып алу; соғыс әрекетіне үстем тап өкілдерін тарта отырып, жаулап алған елдердің байлығын тонау және феодалдық кіріптарлыққа салу.
Шыңғыс хан бүкіл моңғолияны үш әскери бөлікке бөлді:
1219 ж. Шыңғыстың қолбасшылары Жебе ноян мен Субедей басқарған 30 мың әскер Иранның оңтүстігін басып өтіп, Кавказ тауларына барып грузиндер мен әзірбайжандардың бөлегін ойрандап, 1222 ж. Каспий бойымен жүріп өтіп аландар, одан қыпшақ даласына шығып, 1223 ж. 31 мамырда орыстармен Қалқа өзенінде шайқас өткізді. Оларды Днепрге дейін ығыстырды. Өздері 1224 ж. Ертіс бойындағы Шыңғыс хан ордасына қайта оралды. Сөйтіп, 1219- 1914 ж.ж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс ханның монғол патшалығының құрамына енді.
Шыңғыс хан өлгеннен кейін де (жорықта 25 қараша 1227 ж.) балалары мен немерелері соғыс жорықтарын тоқтатпады. 1235 ж. Қара қырымда ашылған құрылтай шығыс Европаға жорық жасау жөнінде шешім қабылдап, қолбасшылыққа Батый ханды (Жошының баласы Шыңғыстың немересі) тағайындайды. 1236-1242 ж.ж. аралығында Батый 150 мың қолмен Еділ бұлғарларын, орыс княздықтарын талқандап, Польша, Венгрия, Молдавия, Чехияны бағындырып, Адриат теңізіне жетті. Олар жер шетіне жеттік деп, қайта оралып, Еділ сағасында Алтын орда мемлекетін кұрды.
Қазақстан тарихында еліміздің территориясында пайда болған мемлекеттердің қатарында Моғолстан, Өзбек хандығы және Ноғай ордасы да аталады. Бұлар - Шағатай державасының ыдырауы барысында пайда болған мемлекеттер.