Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік
Жоспар
Кіріспе 3
1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі 4
2. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері 7
3. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері 9
Қорытынды 12
Әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Йозеф Алоиз Шумпетер ерекше мән беріп, былайша айтып өткен болатын: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Шындығында да кәсіпкер нарықта өмір сүру үшін жаңалық енгізіп, сұранымдарды қанағаттандырып, өз жұмысын дұрыс басқарып, ұйымдастыруы қажет. Бұл айтылған сөздер кәсіпкерліктің қоғамға қажетті екендігін көрсетеді.
Жалпы кәсіпкерлердің нарықтық экономикада өзара қарым-қатынастарын реттеуде кәсіпкерлік шарттардың маңызы өте зор болып табылады. Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік қарым-қатынаста келісім-шарт мәдениетін анық сезінуі керек. Бұл шарттар кәсіпкерлердің өз қызметін жүргізу жұмысын жүзеге асырудағы құқықтарын, жауапкершілігін айқындайтын, реттейтін негізгі құқықтың ерекше элементі болып табылады. Бүгінгі күнде сол себептен кәсіпкерлер қызметінде кәсіпкерлік шарт маңызды болып табылады.
Осы мәселеге байланысты реферат тақырыбын «Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік» деп алдым. Бұл рефераттың құндылығы – кәсіпкерлік шарт ұғымын түсіндіру және оның түрлерін, шарт жасау, өзгерту және тоқтату ерекшеліктерін анықтауда болып табылады. Реферат негізгі үш бөлімді қамтиды:
1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі
Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдерінің алуан түрлілігі римдік құқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады.
Шарт жағдайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін кесім және басқалары түсініледі.
2. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Кеңестік шаруашылық құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері:
арнайы субъектілік құрам;
шаруашылық шартпен қоғамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру;
шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты болып табылған.
Әрине, қазіргі заман жағдайында бұрыннан келе жатқан шарттарды жоспарлы және жоспарлы емес деп бөлу енді қолданыс таппайды. Е.А.Суханов әділдікпен атап кеткендей, қалыпты, азаматтық шарттан айырмашылығы тек оның қатысушылары бір-бірімен ештеңеге келісе алмай, жоспарлау-реттеу органдарының нұсқаулары бойынша шарт тараптары болып жарияланған шаруашылық шарт құрылысы енді келмеске кетті. Бірақ, соған қарамастан, шаруашылық шарттың басқадай белгілері нарықтық қатынастар жағдайында да өзектілігін жойған жоқ.
3. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үдерісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс (ҚР-ның АК 152-бабының 1-тармағы).
Қорытынды
Қорытындылай келсем, рефератта кәсіпкерлік шарт туралы баяндадым. Бірінші бөлімде жалпы кәсіпкерлік шарт ұғымы кеңінен талқыланды, яғни кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлердің өз еркі бойынша құқықтық қатынас, міндеттемелерді тіркеуге байланысты туындайтын кесім, яғни құқықтық құжат болып табылады. Жалпы кәсіпкерлік шарт ұғымы «шаруашылық шарт» ұғымынан пайда болып, кейіннен шаруашылық шарт түсінігі кәсіпкерлік шарт ұғымына ауысқан болатын.