Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Сот актілерін орындау өндірісі

Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Орындау өндірісінің органдары. Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері. Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері. Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу.

Азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады (1-бап).
Атқарушылық өндіріс мынадай сатылардан тұрады:

Сот және басқа органдардың актілері сот орындаушыларымен орындалады. Атқарушылық өндіріс туралы заңның 4-бабының 1-пунктіне сәйкес атқаруқұжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдырдың аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.

Сот приставтары Қазақстан Республикасының барлық соттарында әрекет етеді. Сот приставтарына қойылатын талаптар аталмыш заңның 6-бабындақарастырылады: сот приставы болып 21 жасқа толған, орташа арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы, іскерлік жєне жеке мінездемелері бойынша міндеттерді орындай алатын, арнайы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Ал бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен және құқыққорғауоргандарынан шығарылған тұлға сот приставы лауазымына тағайындалмайды.