Киіз үй (юрта)
Жоспар
Кіріспе 3
1 Шаңырақ 4
2 Есiк пен төр 5
3 Қазан-ошақ 7
4 Бақан, адалбақан 8
5 Киiз үйге байланысты қарғыстар 9
Кіріспе
Киіз үй - Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол - көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
1 Шаңырақ
Киiз үйдегi кеңiстiк - қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
2 Есiк пен төр
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл - күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.
Есiкке қарама-қарсы бетте - төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.
3 Қазан-ошақ
Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады.
Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек.
Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы - қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi - Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi.
4 Бақан, адалбақан
Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды.