Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттің ұғымы мен функциясы


Жоспар
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 3
1.1 Мемлекет туралы ұғым 3
1.2 Мемлекеттің негізгі белгілері 3
1.3 Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі 6
1.4 Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаның, реттеуді және ықпал 6
2 БАСҚАРУ НЫСАНЫ 8
2.1 Басқару нысанының ұғымы 8
2.2 Монархия басқарудың нысаны ретінде 8
2.3 Республика үшін басқару нысаны ретінде 10
2.4 Парламенттік республикада 10
2.5 Президенттік республиканың 10
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ 12
3.1 Мемлекет функциясының ұғымы 12
3.2 Мемлекет функциясының сипаттамасы 13
3.3 Сыртқы функциялар 15
4 МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ 18
4.1 Мемлекет механизмінің ұғымы 18
4.2 Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері 18
4.3 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны 20
4.4 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы 20
4.5 Мемлекеттік биліктін заң шығарушы және өкілді органдары 21
4.7 Атқару органдарының 21
4.7 Сот органдары 22
5 МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ 23
5.1 Мемлекет құрылыс нысанының ұғымы 24
Әдебиеттер 27

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Мемлекет туралы ұғым
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

1.2 Мемлекеттің негізгі белгілері
Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтындай, «жария-биліктің» болуы тән.

1.4 Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаның, реттеуді және ықпал
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаның, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, Құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің Қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан:

2 БАСҚАРУ НЫСАНЫ
2.1 Басқару нысанының ұғымы
Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзыретті бөлісу мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына; жатады.
Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:

2.2 Монархия басқарудың нысаны ретінде
Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның - монархтың қолында жоғары биліктің реалды шоғырлануымен немесе жоғары прерогативтің (шексіз құқықтың) тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархияның ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқығымен, кейде — сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтық міндетті атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы атқарылады.

2.3 Республика үшін басқару нысаны ретінде
Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолына шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы (парламент, конгресс, ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы (президент, терраға, кейде алқалы президиум) болып табылады.

2.5 Президенттік республиканың
Президенттік республиканың айырықша ерекшелігі — мемлекет басшысының өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер-министрді (кейде үкіметтің басқа да кейбір маңызды мүшелерін) тағайындауға келісімін ала отырып үкіметті тағайындайды.

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ
3.1 Мемлекет функциясының ұғымы
Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады.
Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б.

3.2 Мемлекет функциясының сипаттамасы
Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.

3.3 Сыртқы функциялар
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.

4 МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
4.1 Мемлекет механизмінің ұғымы
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

4.2 Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері
Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуы. Бір организмнің (мемлекеттің) бір бөлігі болып отырып, олар бір біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік - тынысын қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.

4.3 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны
Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет.
Мемлекеттік органдардың басқа сипаттағы белгілеріне мыналар жатады:

4.7 Сот органдары
Сот органдары әділ сотты қылмыстық, азаматтық, шаруашылық нысанында, ал көптеген елдерде - конституциялық сот өндірісі нысанында жүзеге асырады. 1995 жылдың тамыз айының соңына дейін Қазақстанда Жоғарғы сот басқаратын жалпы соттар, Жоғары төрелік сот басқаратын төрелік сот және Конституциялық сот болды. Қазір жалпы және төрелік соттар Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді, ал Конституциялық сот Конституциялық Кеңеске орын берді.

5 МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ
5.1 Мемлекет құрылыс нысанының ұғымы
Мемлекеттік құрылыс нысанын қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет нысанының тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған басқару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік - саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі құрылымын, ондағы ұлттық-мемлекеттік, аумақтық - мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік-аумақтық бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр, орталық Мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты көрсетеді.