Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономические информационные системы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Сақтандыру компанияларын басқарудың ЭАЖ


Жоспар
1 Сақтандыру компаниясын басқарудың ЭАЖ басты ерекшеліктері мен қызметтері 3
2 Сақтандыру компаниясын басқарудың ЭАЖ қорларын шолу 6
3 Сақтандырудың ЭАЖ тапсырмаларын шешу технологиясы 18
Әдебиеттер 23

1 Сақтандыру компаниясын басқарудың ЭАЖ басты ерекшеліктері мен қызметтері
Халықты әлеуметтік қорғау құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту, міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру, халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімін және сақтандыру қатынастарының барлық субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру, ең үздік халықаралық тәжірибе негізінде сақтандыруды қадағалауды жетілдіру негізгі мақсаттар болмақ.
Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсіби қатысушыларының (сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлер мен уәкiлеттi аудиторлардың) қызметін жандандыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының әртүрлі санаттарының қызметiндегi тәуекелдерді сақтандыру тиiстi дәрежеде дамиды.

2 Сақтандыру компаниясын басқарудың ЭАЖ қорларын шолу
Жеке сақтандырудың жалпы сипаттамасы
Жеке сақтандыру осы сақтандыру нысаны – адамның өзі (тұлғасы) болғандықтан, ал сақтандырылушы ретінде – физикалық тұлға болғандықтан осылай аталған. Шетел тәжірибесінде ол әдетте жеке дара сақтандыру (персоналды сақтандыру) деп аталады.

Сондықтан сақтандырылатын адамның өлімінен сақтандырылуы оның өзінің келісімінсіз сақтандыруға болмайды деген ереже енгізу тиімді болып табылады. Бұл ережеде міндетті сақтандыруды, сондай-ақ бір топ адамның сақтандыруы шет қалады (мысалы, жұмыс берушінің жұмыскерлерін жұмыс орындарында сақтандыруы).
Сақтандырушы мен сақтандырылушы табыс алушы боып табылғанда бөлінсе, келесідей сақтандыру конституциясы туындайды: сақтандырушы сақтандыру келісім-шартын үшінші адамға қатысты және оның пайдасына шешеді.
Табыс алушы жеке адам болуы мүмкін. Мысалы, күйеуі өзін сақтандыра отырып, (яғни өзі сақтандырушы да, сақтандырылушы да бола отырып), табыс алушы ретінде әйелін немесе ұлын тағайындай алады. Бұл кезде келесідей сақтандыру конструкциясы туындайды: сақтандырушы сақтандыру келісім-шартын өзіне қатысты, бірақ үшінші тұлға пайдасына жасайды. Мынадай нұсқа да болуы мүмкін: күйеуі әйелінің өмірін сақтандыра отырып, өзін табыс алушы етіп тағайындайды. Мұнда сақтандырушы өзге тұлғаны, бірақ өз пайдасына сақтандырады. Соңында, күйеуі әйелін сақтандыра отырып, ұлын табыс алушы етіп тағайындайды. Сақтандырушы, сақтандырылушы, табыс алушы әртүрлі тұлға болған жағдайда келесі конструкция туындайды: сақтандырушы басқа тұлғаны үшінші тұлға пайдасына сақтандырады.

3 Сақтандырудың ЭАЖ тапсырмаларын шешу технологиясы
Мәліметтерді өңдеу ақпараттық жүйесі мен көрсетілетін фирманың ақпараттық кеңістігі оны құратын объектілерге бөлінеді. Объектілердің негізгі санаттарын олардың қызмет технологияларын сипаттайық.
Сақтандыру фирмасының орталық офисінде немесе басты ұйымында әдетте бір бірімен жоғары өнімді көпірлер немесе маршрутизаторлар арқылы бірігетін бір немесе бірнеше жылдамдығы жоғары жергілікті есеп желістері бар.
ЖЕЖ компанияның ақпараттық орталығы ретінде қарастыруға болады. Оған күшті есептеу ресурстары кіреді: файл сервері, дерекқорларды басқару жүйелері және т.б. Сақтандыру компаниясының орталық офисінің ЖЕЖ ерекшелігі: оның құрамына филиалдардағы және жергілікті желістік құралдарды орталықтандырылған бақылау мен басқару жүйесі кіреді.