Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 14 стр.

Полный просмотр работы

Бұзақылық

Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық - екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Нақ сол әрекет, егер оны:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы" (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Өзіне және өзге тұлғаға материалдық пайда (мүліктік құқықтарды, тұрғын үйге құқықтарды, үшінші тұлғалардан сыйақы алу және тағы сол сияқты) келтіру мақсатымен немесе материалдық шығындардан (мүлікті, ақшаны қайтару, қызмет көрсетуді төлеу, алименттерді төлеу, материалдық міндеттемелерді орындау және төлемдерді өтеу және тағы сол сияқты) құтылу мақсатымен жасалған қасақана кісі өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің з) тармағы бойынша пайда табу мақсатымен жасалған әрекет ретінде саралануға жатады.

Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау барысында немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде не болмаса зорлап жыныстық қатынасын жасау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталғаннан кейін жасалған қылмысты жасыру немесе көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруді қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағы және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралаған жөн.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралаған кезде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында және басқа да тармақтарында және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген барлық саралау белгілерін көрсетуі тиіс".

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.