Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 39 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы бей дағдарыстық басқару шаралары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ 5
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні 5
1.2 Бей дағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды
тұрғыдан қарастыру 15
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ 25
2.1 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері 25
2.2 Бей дағдарыстық басқару кезеңіндегі мемлекеттің ролі 28
2.3 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері 31
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзқарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрындары социализмде дағдарыс жоқ, тек «өсім қиындықтары» деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1].
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

1.2 Бей дағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды
тұрғыдан қарастыру

Өндірістік - экономикалық іс-әрекетті басқару теориясында дағдарысқа қарсы басқару проблематикасы басты бағыттардың біріне айналуда. Барлық деңгейдегі шаруашылықтағы ұдайы өндіріс процестерінің қиындауының объективті тенденциялары – жекелей кәсіпорыннан бастап глобалды экономикаға дейін тәжірибелі түрде дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік жобалардың қажеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар бүгінгі күнгі экономикалық әдебиеттердің дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын талдай отырып, дағдарысты басқарудың теоретика - методологиялық базистері әліде қалыптасу стадиясында екенін көрсетеді. Сондықтан да, қазіргі күнгі концептуалды тұрғыдан қарастыру, қалыптасқан дағдарысты басқару теориясына бәсекелес ретінде айтуға болады.

1.3 Бей дағдарыстық менеджмент: бей дағдарыстық басқару құралдары мен әдістері

Бей дағдарыстық менеджмент батыс-еуропалық экономистермен «негізгі мәселе дағдарыстан шығу болатын, кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайды жою үшін қажет қызмет» ретінде анықталады. Бүл қызмет «кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайдан шығу үшін қажетті әдістер мен тәсілдердің кәсіпорында қолданылуының интенсивтілігін арттырумен» сипатталады. Сонымен бірге, Хаберландтың ойынша, қатаң және жылдам шешім іс-шараларды жүргізумен бір уақытта байланысты қысқа мерзімді мәселерге бүкіл назар аударылады. Кейбір дағдарыстардың босатушы және ең сипатын бөліп көрсеткісі келген авторлар, дағдарысқа қарсы менеджментте керісінше, «жақындап келе жатқан үзілмелі пункт (дағдарыс) жайлы мәлімдеуге және дамудың жаңа бағытын әзірлеуге жол беретін» құралдарды кұру ретінде анықтайды [29].

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ

2.1 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері

Құлдыраулар мен көтерулер, қаржылық күйреу және қайта жандану, өндірісі дамыған елдер экономикасының міндетті серіктері. Экономикалық дамудың осы компоненттерінің эпицентрінде, қоғам өмірінің негізін қалаушы кәсіпорын және үй шаруашылығы тұрады.
Менеджмент позициясынан қарағанда кәсіпорын - техникалық, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, есеп және әкімшілік операциялары іске асатын басқару объектісі. Акционер позициясынан қарағанда кәсіпорын қызметі ең бірінші ақша қозғалысымен байланысты. Мемлекет үшін кәсіпорын - бүл елдің макроэкономикалық потенциалы. Үй шаруашылығы арқылы қоғамдық өндірістің әлеуметтік мақсаттары жүзеге асырылады. Әсіресе, бүл отбасылық тұтыну бөлігіне, жаңа буын тәрбиесі бағытына қатысты.

2.2 Бей дағдарыстық басқару кезеңіндегі мемлекеттің ролі

Нарықтық экономика - бұл өзіндік мақсат емес, ол құрал. Сондықтан мемлекет күшін, бар ғылыми-техникалық және өндіріс потенциалына, адам қорын сақтауға, реформаны кең әлеуметтік қолдауымен қамтуды максималды пайдалануға бағытталған жолдарды іздеуге жұмылдырылуы тиіс.