Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Жоспар
1 Мүдде топтары: түсінігі, функциялары, типологиясы 3
2 Партияның пайда болуы және түсінігі. Партия типтері 7
3 Қоғамдық – саяси ұйымдар және қозғалыстар, олардың жұмысы 23
Негізгі әдебиет 30
1 Мүдде топтары: түсінігі, функциялары, типологиясы
Саяси жүйеге мемлекетпен катар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық, қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
2 Партияның пайда болуы және түсінігі. Партия типтері
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады,либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксисттер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
3 Қоғамдық – саяси ұйымдар және қозғалыстар, олардың жұмысы
Саяси қозғалыс деп емет билігі үшін күрес арқылы казіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: