Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Әлеуметтанудың объектісі мен пәні


Жоспар
1 Әлеуметтанудың объектісі мен пәні 3
1.1 Әлеуметтану және әлеуметтік философия 8
1.2 Әлеуметтану және тарих 9
1.3 Әлеуметтану және саясаттану 9
1.4 Әлеуметтану және психология 10
1.5 Әлеуметтану және экономика ғылымы 11
Қолданған әдебиет 12

1 Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін,басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады.Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.
«Әлеуметтану» термині екі сөзден құралған: латынның societas-қоғам және гректің logos –сөз,түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек,этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану «қоғам туралы ғылым» немесе «қоғам туралы ілім» дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.

1.1 Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі.Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік - философиялық ой-толғамдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.

1.2 Әлеуметтану және тарих
Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі.Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен тарихи оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік – уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды.Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды.

1.4 Әлеуметтану және психология
Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды,яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді.Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері.

1.5 Әлеуметтану және экономика ғылымы
Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады,экономика өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғандай,экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттармен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді талап етеді.