Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері 4
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық аспектілері 9
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері 15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 21
2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалуын талдау 21
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың бел сеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық аспектілері
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады. Бұл комиссия Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарастырады.Бюджеттік процесте басты рөлді Қаржы Министрлігі атқарады. Ол ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып, территория дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалуын талдау
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» заң болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.
Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасында бюджеттік үрдістің қалыптасу және даму сатысында және оның тиімді жүзеге асуына мүмкіндік беретін жолдар іздестірілуде. Бюджетті реттеу, жоспарлау және жобалауды жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер негізінде мынадай қорытындылар мен ұсыныстар алынды.