Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Автокөліктің қала экологиясына әсері


Жоспар
Кіріспе 3
1 Автокөліктің қала экологиясына әсері 5
2 Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы 14
3 Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар 18
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе
Адам өзінің даму барысында қоршаған ортамен тығыз байланыста болды. Жоғары индустриалды қоғамда адам табиғатқа араласқаннан бері жағдайы кенеттен нашарлай бастады, бұл араласу көлемі көбейе түскен соң, қазіргі уақытта адамзатқа алуан түрлі қауіп төніп тұр. Жердің биосфера қабатына антропогенді қауіп төніп тұр.
Көше бойы мен саябақтардағы шіріген, қурап қалған ағаштар мен бұталардың орнына жаңа көп жылдық ағаштар, атап айтқанда: қарағай, қайың, терек, емен, долана және басқалары молырақ отырғызу қоршаған ортаға септігін тигізеді. Жапырағы жайқалған өсімдіктер мен ағаштар денсаулыққа пайдалы, олар ауаны тазартады, көмірқышқыл газын жұтып, ауаға оттегі бөліп шығарады. Зиянды газдарды бойына сіңіріп алып, ауадағы әртүрлі шаң–тозаңды жинайды.

1 Автокөліктің қала экологиясына әсері
Табиғат – көптеген теңескен байланыстардың тұтас жүйесі. Бұл байланыстардың бұзылуы табиғаттағы орныққан зат пен энергия алмасуының өзгеруіне алып келеді, биогендер концентрациясындағы ығысу бір популяцияның құрамы. Қазіргі заманда өндіріс пен тұтынушыға адамның биологиялық қажеттілігінен 100есе артық зат мөлшерімен энергия жұмсалады, осы себеп қазіргі заманғы экологиялық кризис болып табылады (жоғары деңгей және қоршаған табиғи ортаға антропогенді жүктеменің тез артуы). Бүгінгі күнде адамзаттың өндірістік іс - әрекеті көптеген химиялық элементтерді қамтитын әр түрлі табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Табиғи ортаға техногенді әсердің күшеюі бірқатар экологиялық мәселелерді тудырады.

2 Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы
Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады.
Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы – бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады.
Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 – тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 – қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді.
Шыққан газ автомобильдің механикалық бөліктерінен шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі атмосфера шығындыларының жартысы құрайды. Автомобиль двигателі мен картер шығындылары көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді.
Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т.б байланысты.

3 Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар
Автомобиль дыбыс басқышынан бір қарағанда ешқандай зияны жоқ сияқты көгілдір түтін түрінде шығып жатқан улы газ және азот оксиді бас ауруы, шаршау, тітіркенгіштік, төмен еңбек қабілеттілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Күкіртті газ ұрпақсыздық пен туа біткен мүгедектікке алып келетін генетикалық аппаратқа әсер етуге қабілетті, ал бұл факторлардың барлығы стресс, нервтік ауруларға, өте жақын адамдарына немқұрайлылықпен қарап, жекеленуіне тырысуға алып келеді. Үлкен қалаларда сонымен қатар, қан айналым жүйесінің аурулары және тыныс алу, инфаркт, гипертония кеңінен таралған. Мамандардың есептеуі бойынша атмосфераға автомобильдік транспорттың қосқан үлесі 90% -ке дейін көміртек оксиді және 70% -ін азот оксиді құрайды. Автомобиль сонымен қатар ауа мен топыраққа металдар және басқа зиянды заттар қосады. Ауа қабатын автомобильмен ластандырудың негізгі көзі ретінде іштен жану двигателінен шыққан газдар, картер газдары, жанармайдың булануы саналады.

Қорытынды
Қорыта келгенде материя қозғалысын транспорт қамтамасыз етеді. Транспорттың дамуы проблема тудырады. Жыл сайын әлем бойынша көлік апатынан 0,2млн адам қаза болады, 0,5млн адам мүгедек, 10млн адам жарақат алады. Әлемде ауданды қолдану бойынша, қаланың үштен бір бөлігі жол мен автотұраққа кетеді. Жолдарды салу көптеген жағдайда транспорт ағынының артуына алып келеді, оның салдары орташа жылдамдықты орын ауыстыруды төмендету. Автомобиль паркі санының артуымен қатар, техникалық құралдар қозғалысын реттеу қиындап, жол көлік жарақаттары, атмосфералық орта, топырақ, су қоймалары және грунт суларының ластануы артады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. В. Н. Луканин, Ю. В. Трофименко Промышленно–транспортная экология: Учеб. для вузов / Под ред. В. Н. Луканина. –М: Высш. Шк.,2001 273 c.
2. Е. М. Упушев Экология, природа, экономика: Учеб. пособие Алматы «Ғылым», 2002–328 с.
3. А. Е. Воробьев Основы природопользование: экологические, экономические и правовые аспекты: Учеб. пособие А. Е. Воробьев;под ред. профессор В. В. Дьеченко–изд. Феникс, 2007–542 c.