Сақтандыру келісім-шарты
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері 5
1.1 Сақтандыру мәні және мақсаты 5
1.2 Жалпы сақтандырудың мәні 9
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру түсінігі 12
1.4 Сақтандыру нарығы 17
1.5 Сақтандыру келісім- шартының мәні 20
2 «Казахинстрах» сақтандыру компаниясындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 24
2.1 Компания туралы жалпы ақпарат және есеп саясаты 24
2.2 Компаниядағы сақтандыру қызметін ұйымдастыру 26
2.3 Компаниядағы сақтандыру келісім-шартының жасалу және қолданылу тәртібі 30
2.4 Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүргізу әдістері және олардың жалпы сипаттамасы 31
3 Компаниядағы сақтандыру қызметін жақсарту жолдары 38
Қорытынды 41
Пайдаланылған ақпарат көздері 44
Кіріспе
Сақтандыру ерте заманда пайда болған. Оны түр тұлғамен ертеде гректердің несиелік операцияларымен есептеген. Қарыздар туралы ұқсас тәжірибелер Демосфен жазған. Теңіз – ертедегі саудаларға кемені жалға үшін берген, содан соң табысты жүзу оқиғасында пайыздармен қайтарып берген, егер теңізге апат шағылысса. Биікте соншама пайыз анықталған болатын, не жиналған капитал теңіз тәуекелдерін жабуы үшін қолданған. Кеме қожайыны капиталистіге айқын соманы төлеген, егер кеме оқиғаларсыз мақсатқа жетсе, онда кеме қожайыны белгілі бір соманы жоғалтады. Апат оқиғаларында зиян келуіне байланысты капиталист кеме қожайнына зияндар төлеуге міндетті болған.
Курстық жұмысымның басты тақырыбы сақтандыру аясында болғандықтан, жұмысымның барысында мақсаттылығымды көздегім келіп отыр. Яғни, тақырыбымның өзектілігі – сақтандыру мәнінің өмірімізде өте қажет және оны құқықтық нормада толтыру,онымен танысу, келісім - шарт ұғымын жеткілікті меңгеру сияқты мағлұматтармен келесі жоспар тізімімен баяндау болып табылады.
Сонымен қатар, курстық жұмысымның мақсаты «Казахинстрах» АҚ компаниясының аясында ашылады. Бұл компанияны мысалға ала тұра, компания жөнінде толық мәліметті ұғу, көрсетілген жоспар бойынша мағлұматты тізімдеп ашу.
Жұмысымды бастау барысында, сақтандыру қазіргі өмір кезеңінде өте қажет және оның қолданылуы сапалы түрде жүргізіліп жатқанын көздегім келеді. Әр адамзаттың сақтануы тек өз қолында.
1 Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері
1.1 Сақтандыру мәні және мақсаты
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарынын айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сактандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерік жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдык-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болук тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық: қорлары түрінде қалыптасады.
1.2 Жалпы сақтандырудың мәні
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру түсінігі
Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету кабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін етеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік корғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.
1.4 Сақтандыру нарығы
Сақтық келісімшарттарын жасауға жөне сақтық операция-ларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтандыру нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы дегеніміз - ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» — сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке түлғалар.
1.5 Сақтандыру келісім- шартының мәні
Енді, шарт туралы жалпы ережелерге тоқталсақ:
1. Шарт ұғымы. Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шаруашылықтың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Шартты (CONTRACTUS) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
2 «Казахинстрах» сақтандыру компаниясындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Компания туралы жалпы ақпарат және есеп саясаты
«Казахинстрах шетелдік сақтандыру компаниясы» АҚ-ы Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 16 сәуірдегі №1658 Жарлығына сәйкес 1995 жылы құрылды. Үкімет атынан құрылтайшы болып Қаржы министрлігі болды, ол компанияның жарғылық капиталына 3 миллион теңге және 1 миллио долларын салды.
«Казахинстрах» АҚ қазақстандық сақтандыру нарығында көпжылдық мінсіз жұмыс тәжірибесіне ие заңды және жеке тұлғалардың барлық санатына сақтандыру қызметтерінің толық ауқымын және де қазақстандық пен шетелдік сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандырудағы қауіптерді қабылдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
2.2 Компаниядағы сақтандыру қызметін ұйымдастыру
Әрбір компания өз қызметін алуан түрлі ұйымдастырады. Сол сияқты бұл компанияда да ұйымдастырылуы жағынан терең және әртүрлі болып келеді. Яғни, ұйымдастырылу қызметіне байланысты,олар сақтандыру портфельдері, төлемдері және түрлері бойынша т.б. қарастырылады.
Сақтандыру портфелі. «Казахинстрах» АҚ-ы клиенттерінің, бізге күнделікті өмірде кездесетін мүмкін тәуекелдерінің барлық салаларын қамтитын сан алуан сақтандыру өнімдерінің тұтас кешеніне ену мүмкіндігі бар.
Компания портфелі құрылымдық жағынан үш топқа бөлінеді:
2.3 Компаниядағы сақтандыру келісім-шартының жасалу және қолданылу тәртібі
Сақтандыру процесі жүрген кезде міндетті түрде келісім- шарт жүргізіледі. Компанияның басты бөлімінің операциясы келісім-шарт көзі болып табылады. Ол белгілі бір тәртіппен жасалады және қолданылады. Сақтандыру түр-түрге бөлінуіне байланысты, келісім-шартта сол түрлерге байланысты бір типті болып келеді. «Казахинстрах» компаниясында келісім-шарт келесі тәртіппен жасалады:
2.4 Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүргізу әдістері және олардың жалпы сипаттамасы
Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік ұсыныстары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, ҚР Президентінің Заң күші бар «ҚР Ұлттық Банкі туралы», «Сақтандыру туралы», «Бухгалтерлік есеп туралы» Жарлығына сәйкес және бухгалтерлік есептің стандартымен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік Бас шоттары, басқа да нормативтік және құқықтық актілер негізіне байланысты жүргізіледі. Бұл құжаттарды есеп саясаттарын жасағанда лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары басшылыққа алады.
Міндеттемелер. Сақтандыру резервтері – сақтандырушы ұйымдарының сақтандыру келісімі бойынша міндеттемелері, ол актуарийлік есептеулер негізінде бағаланады.
Сақтандыру ұйымдары сақтандыру резервтерін көрсету үшін 3210 шотқа келесідей субшоттар ашуды ұсынуға болады:
• 3210-1 «Еңбектенбей тапқан сыйақы бойынша міндеттемелер (резервтер)»;
• 3210-2 «Болған , бірақ жарияланбаған зиян бойынша міндеттемелер (резервтер)»;
• 3210-3 «Жарияланған бірақ реттелінбеген зиян бойынша міндеттемелер (резервтер)»;
Пайыз бойынша (алынған несиенің , шығарылған бағалы қағаздардың , жал келісім-шартының) шығыстар 7210 «Пайыз түріндегі шығыстар» шотында есептелінеді. 7210 «Пайыз түріндегі шығыстар» шотының дебетінде төленген шығыстар 3380 «Төлеуге арналған пайыздар» шотының кредитіиен коррерпонденцияланады. Жылдың аяғында бұл шоттарды 5410 «Жиынтық табыс (зиян)» шотымен жабады (кесте-3).
Кесте-3 «Казахинстрах» компаниясының АҚ-ның қаржылық есебі Табыстар мен шығыстар туралы есебі
3 Компаниядағы сақтандыру қызметін жақсарту жолдары
«Казахинстрах» АҚ-ы республикамыздағы бірден –бір сақтандыру орталығы жөніндегі үлкен, перспективалы, мақсатты мекеме болып табылады.Компаниямен терең таныса тұра, оған деген өз ойлы ұсынымдарымды айтқым келеді. Компанияның мақсаттылығына байланысты қосынша мынадай стратегиялық мақсаттағы форма түрлерін ұсынсам деймін:
Біріншіден, «Бизнес – процестер « блогында нарықтағы үлесін көбейту үшін және топтың ҚР нарығындағы орнын нығайту үшін «Халық» тобының компанияларымен интеграцияны кеңейту, андеррайтинг сапасын жоғарлату, клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі процестерді автоматтандыруды енгізу.
Екіншіден, «Клиенттер «мақсаттық блогында:
Қорытынды
Өз курстық жұмысымды қорыта келе, алдымен әрбір бөлімнің түйінін айта кетсем.
Бірінші бөлімде,сақтандыру дегеніміз не және оның экономикалық-әлеуметтік негіздерін ашып көрсеттім.Мұнда сақтандырудың мақсатын, категорияларға бөлінуіне байланысты белгілерін,функцияларын және сақтық қорды қалыптастырудағы екі әдісті: бюджеттік пен сақтық әдістерін, сақтық тариф пен жарналарды ашып көрсеттім.
Жалпы сақтандырудың мәні бөлімшесінде, сақтандыру түрлеріне анықтама бердім.Яғни, сақтандыру түрлері: жалпы(мүліктік) сақтандыру, жазатайым жағдайдан және аурудан, медициналық,көлік құралдарын, жүктерді, мүліктік, азаматтық-құқықтық жауаптылықты, кәсіпкерлік тәуекелді және т.б. сақтандырулар.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түсінігі бөлімшесінде, жалпы қоғамдағы әлеумет жағдайын және оларға көрсетілетін сақтандыру түрлері қандай деген сұраққа жауап жаздым. Әлеумет арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидатын,міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлерін: еңбек ету қабілетін жоғалтқан жағдайда, асыраусышысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда түрлерін қарастырдым.
Сақтандыру нарығында , сақтандыру нарығында кімдер қатыса алады, қызметі қандай, нарықта қай органдар арқылы құрылады және ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру, оған қатысты міндеттерді шешуді , отандық оң тенденцияларды көрсеттім.
Сақтандыру келісім-шартының мәнісінде, бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы болып табылады. Мұнда келісім-шарттың заң жүзіндегі жалпы ережелерін атап көрсетіп, қай тұлғалар арқылы және уақыт мерзімін жаздым.
Екінші бөлімде, «Казахинстрах» сақтандыру компаниясын мысалға ала, негізгі бөлімімді аштым. Еліміздегі бірден –бір ірі сақтандыру компаниясы болып табылады. Сондықтан ол туралы, яғни компанияның жалпы ақпаратын, даму тарихын, есеп саясатын және стратегиялық миссиясын баяндадым.
Компанияның сақтандыру қызметін ұйымдастыру бөлімшесінде, компанияда қолданылатын сақтандыру портфелін, оның өзі үш топқа бөлінеді:міндетті, ерікті жеке, ерікті мүліктік сақтандыру, сақтандыру төлемдері, оның даму динамикасы, көрсеткіштері және компаниядағы жалпы қызмет ететін сақтандыру түрлерінің тізімін көрсеттім. «Казахинстрах» сақтандыру компаниясын басқаларымен салыстыра келе,бірінші орындағы және өз клиенттерінің басқарудағы теңгерімдік және парасаттылық принципін ұстанатындығын көрнекті көрсетілетіні туралы айқындадым.
Компаниядағы сақтандыру келісім-шартының жасалу және қолданылу тәртібі бөлімшесінде, сақтандыру түрлеріне байланысты шарттардың жалпы типтік тәртібін жаздым.
Келесі бөлімше бойынша, сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүргізу әдістері және олардың жалпы сипаттамасында, қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес құрылған бес форма тұрғысындағы: бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыстар, капитал,міндеттемелер,ақша қозғалыстары туралы есептемені және де «Казахинстрах» сақтандыру компаниясының қаржылық есептемелерін кесте түрінде ашып көрсеттім.
Үшінші, яғни ұсыныстар бөлімінде, компанияға деген өз ұсыныстарымды енгіздім. Қажетті формалар бойынша, стратегиялық мақсаттылық формасын ұсындым. Онда әрбір блог бойынша қарастырдым, олар: «Бизнес-процестер», «Клиенттер», Қаржы саласындағы стратегиялық мақсаттар, «Кадрлар» және «Әлеуметтік жауапкершілік» блогтары.
Компанияның сақтандыру келісім-шартына ұсынған идеяам, бұл «Балдырған» бағдарламасы және интернет желісінде өз келісім –шартының үлгісін көрсетіп қою.
Тәжірибелік бөлімімді аяқтай келе, «Казахинстрах» компаниясы еліміздегі ең қажетті сақтандыру компаниясы болып табылады, ол қазіргі өз заманындағы дамығын перспективалы, білікті жоғары сатыдағы мекеме болып саналады деген тұжырымға келдім. Компанияның девизі: «Әрбір клиент, әрбір қызметкер – компанияның ең жоғарғы құндылығы»!
Осы жұмысымды аяқтау барысында, мен сақтандырудың қазіргі заманда өте қажет екенін ұқтым. Себебі әрбір жеке тұлғаның, заңды тұлғаның,кәсіпкерлердің, ірі мекемелердің өмірінің, денсаулығының, жүргізіп отырған шарушылығының алдын ала сақтануының шарты міндетті және сәттіліктің алғашқы сатысы деп есептеймін. Сондықтан айтатыным, сақтану әрбір азаматтың өз қолында, оны жүргізу білікті сақтандыру ұйымдарының қолында.
Пайдаланылған ақпарат көздері
1. Қазақстан Республикасындағы «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоксандағы Заңы (2002 ж. 24,06 №239-11. Түзетулер мен толыктырулар)
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыныдагы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 карашадағы Заңы (2001 ж. 15.! I. Түзетулер мен толықтырулар)
3. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 1998ж 10.07 №281 I Заңы.
4. Қазакстан Республикасының Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есеп әдістемесі жэне аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен әдістемелік ұсынымдары. - Алматы: «ЬЕМ» баспасы, 2003 ж.
5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепті жүргізудің типтік шоттар жоспары
6. ҚХЕС (IFRS) – 3, Алматы 2005;
7. Ғ.Төлеуғалиев – « ҚР-ның Азматтық құқығы», 1том-Алматы; «Жеті Жарғы» - 2001,303б.
8. Сақтандыру қызметтерінің өзгерістері туралы заңнама;
9. Алдашкин Ф.И., Алиева Л.Г. Бухгалтерский учет в нефтяной и газовой промышленности -М., 1991
10. Безруких П.С Учет затрат и калькуляция себестоимости промышленности Москва: Финансы и статистика, 1989,
11. Верховцев Д.К. Делопроизводства в бухгалтерии.-М: Инфра-М,2000
12. Вещүнова Н.Л. Фомина Л.Ф. Бухгалтерский учет.-М: Финансы п статистика,2000
13. Волков Н.Г. Бухгалтерский учет на предприятиях малого и среднего бизнеса -М Бизнес-карта, 1994
14. Дюйсембаев К.Ш,, Егембердиева С.К., Дюйсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы: «Каржы -Каражат», 1998.
15. Волков Н.Г. Руководства по бухгалтерскому учету на предприятиях-М Бизнес-карта,1994
16. Карпова Т.ГІ. Управленческий учет. Москва Юнити, 2000.
17. Козлова Е.П. и др Бухгалтерский учет в коммерческих банках-М Финансы п статистика,2000
18. Козлова Е.П и др Бухгалтерский учет в малом предпринимательстве М Финансы и статистика, 1997
19. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет-М.,1997 г.
20. Кондраков Н.П., Кондраков И.Н. Бухгалтерский учет в бюджетных организациях -М Проспект,2001
21. «Казахинстрах» сақтандыру компаниясынан алынғын ақпарттар,2007 жылдық есебінің мәліметтері;
22. Интернет желісінен алынған мағлұматтар.