Литосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 5
1. Топырақтың ластануы 5
2. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы) 7
3. Жерді құнарландыру шаралары 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Литосфера – Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км-ге дейін (жазықтықтарда 35-45 км-ге, тау сілемдері астында 70 км-ге дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, беттің пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады.
Негізгі бөлім
1. Топырақтың ластануы
Біздің еліміздің ең басты байлығы – жер. Өйткені жер – адамзатты асырап сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстың бірі. Осыған орай әр өндіріс салалары табиғат байлығының сақталуына, табиғатты қорғау мен жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп, оларға қатысты нақтылы ережелерді білулері және міндетті түрде орындаулары қажет.
2. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.
3. Жерді құнарландыру шаралары
Жерді қайта құнарландыру (рекультивация) деп бүлінген жерлердің өнімділігін және қоршаған ортаның жағдайын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың жиынтығын айтады. Жерді қайта құнарландырудың мақсаты: жер мен оның қойнауын ұтымды пайдалану, табиғат ресурстарын сақтау, өндіріс дамыған аудандарда қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету. Рекультивация объектілеріне мыналар: жер асты мен жер үсті тау-кен жұмыстарын жүргізгенде пайда болған ойпаңдар, қазба жыныстары мен өндіріс қалдықтарының үйінділері, өнім қоймалары, қазандықтар мен жылу-электр орталықтарынан шыққан шлак пен күл үйінділері, уақытша өндірістік және тұрғын үй құрылыстары алып жатқан аудандар, жол, құбырлар, электр желілерін және тағы басқа жұмыстарды жүргізгенде бұзылған жер беті жатады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, біздің еліміздің ең басты байлығы – жер. Өйткені жер – адамзатты асырап сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстың бірі. Осыған орай әр өндіріс салалары табиғат байлығының сақталуына, табиғатты қорғау мен жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп, оларға қатысты нақтылы ережелерді білулері және міндетті түрде орындаулары қажет.