Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 77 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Инфляция және жұмыссыздық.


Мазмұны
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары 8
1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері 8
1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары 19
1.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар 25
ІІ-ТАРАУ. Жұмыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары 37
2.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері 37
2.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері 47
2.3 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары 56
Қорытынды 74
Қолданылған әдебиеттер 77

Кіріспе
Жұмыссыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады. Бірақ та жұмыссыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Дипломдық жұмысым кіріспеден, ІІ тараудан тұрады. 1 –ші тарау, инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары. Бұнда инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері, инфляция деңгейін анықтау жолдары, Қазақстандағы инфляция ерекшеліктерімен мемлекетке қарсы шаралар. ІІ – ші тарауда, жұмыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары. Бұнда қарастырғаным, жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері, жұмыссыздықтың пайда болу себептері, Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары қарастырылған. Одан қорытынды, негізгі пайдаланылған әдебиеттер және қосымша пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары
1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық ұдайы өзгерістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез – келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары
Ұлттық валюта енгізілген кезден бастап ұлттық валютаның салыстырмалы бағасы мен теңгенің эквивалентінің жасанды инфляциялық құнына дисэквивалент үздіксіз енгізіліп отыр. Ақшаның (қағаздың) қызметі – ол экономикалық қатынастарды белгілеу, тіркеу, бірақ оның қызметіне жаңа құн жасау кірмейді. Ақша табиғатының бұрмалануы және мойындалмауы олардың айырбас құралына жаңа жасанды құн жасау құралына айналуына, өзінің жеке құнына ие болуына және осы құнды аластап алу құралы болып өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан, нарықтық өзгерістердің бас кезінде елдің қаржы, несие құрылымдары өз назарларын аса рентабельді қаржы – қаражат саласына шоғырландыра отырып, өндірістік қызметті қаржыландыру мен несиелендіруден бойларын аулақ ұстайды.
Экономика мен қаржыны басқарудың қазіргі өз күшіндегі режимі объективті экономикалық заңдарды мойындап танығысы келмеді, инфляцияның материалдануын жүзеге асырды және оны өзін - өзі ұлғайту тетіктерімен жарақтандырды. Сөйтіп сайып келгенде, қосымша құнның емес, инфляцияны өсірудің есептік – қаржылық тетігі іске қосылды.
Баланс пайдасы инфляцияның синониміне, хұқықсыз аластап алу тетігіне, материалдық емес жасанды негізде инфляциялық процестерді тездетудің және жаңа құн жасаудағы теріс бағытты нығайтудың құралына айналды. Нарықтық ортада мемлекеттік статистика комитеті үдетіп отырған тиімсіз өндірістік қорларды директивалы индексациялау өмірде жоқ құнды өсірудің қаржылық тетігін іске қосуға әкеліп соқты.

1.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар
Елдің еңсесін басқан қымбатшылық пен мемлекет қаржысының тақыл – тұқыл қалпы теңгенің тұрақты болуына мұршасын бермеді. Теңгенің айырбас бағамының ырыққа жіберілуі отандық өндірістің дамуына өзінің көмегі болуы тиіс деген үміттің жалған болғаны белгілі. Бұл шараны Үкімет пен Ұлттық банк біресе отырып жасаған. Олар сол кезден – ақ еліміздің алтын қоры теңге бағамын ұстап тұруға толық жетеді деген. Сөйтсе де, күндеп, айлап баға құтырып, инфляция біздің елімізде ұшығуда.

Бюджеттік шығыстарды шектеу мына жолдар арқылы жеткізіледі (1 сурет):
Кез келген жағдайда да шығыстарды қысқарту көптеген дамудың ұлттық бағдарламаларына әсерін тигізеді және мүмкін болатын беделді жобалардан, бірден қайтарым бермейтін шаралардан бас тартуға әкеледі.
Инфляцияның екінші типін - өндіріс шығындарының өсуімен туылған (өндірушілер инфляциясы) инфляциядан өту проблемаларын төмендегідей шаралар нәтижесінде шешу күрделірек болады:
- жалақының өсуімен;
- ұйымдастыру сипатындағы себептермен шаруашылық механизмнің бұзылуына байланысты еңбек өнімділігінің құлдырауы;
- шикізат пен энергетикалық қорлардың иегерінің инфляцияны күту салдарынан олардың өндірістің бастапқы өнімдерінің бағасын көтеруі.
Өндіріс шығындарымен байланысты инфляциядан өту, өзара байланысты мәселелердің бірнеше күрделі құрамаларды (блоктарды) шешуді қажет етеді.

ІІ-ТАРАУ. Жұмыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары
2.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері
Еңбек ресурстары (экономикалық белсенді дәне берсенді емес халықтың жалпы саны) – жұмыс істемейтін І және ІІ топ мүгедектері ен зейнеткерлерден басқа еңбек жасындағы тұлғалар (16 жастан зейнеткерлік жақа дейінгілер). Сондай-ақ жұмысқа қабілетті жастан асқан және 16 жастан төмен жастағы жұмыс істейтін адамдар.
Экономикалық белсенді халық – жұрттың жұмыс күші ұсынымын қамтамасыз ететін экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы бөлігі. Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына экономикалық қызметтің барлық түріне қамтылған, сондай-ақ жұмыссыз адамдар кіреді.
Жұмыссыздар – бір мезгілде үш негізгі өлшемге сай келетін: жұмысы жоқ (табыс көзі жоқ), шарық ұрып жұмыс істейтін және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

2.2 Жұмыссыздық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері
Осы уақытта біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандардың қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындардың толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгерме шілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің қадарлығын тудырды.

2.3 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары
Нарықтық қатынастар жағдайларында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары өткір қозғалады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болды.
Жұмыссыздық түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне және барлық жерде болады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық // Алматы «Санат», 1998-47 бет – 57 бет, 405-411 –бб.
2. Экономика оқу құралы /Дайын Я.Ә. Әубәкіров және т.б. // алматы «Экономика», 1995-144 бет -60-61 б.
3. Көшенова Б.А. Ақша немесе банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы //Алматы «Экономика», 2000 – 328 бет -72-75 бб.
4. Қарақұсова А.Н. Ақша кредит саясаты және қаржы секторын дамыту //Егемен Қазақстан 2006 -29 мамыр.