Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi
Өткен жылдың 4 желтоқсанында болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл күрделi әрi аса жауапты мiндет.
Дегенмен, компартия мен социалистiк қоғамның туындысы болған кеңестер жаңа демократиялық қоғамға бейiмделе алмады. Себебi, оның табиғаты бөлек едi. Ол демократиялық, нарықтық қоғам үшiн “антитело” ролiн атқарды.
Қазақстанда Жоғарғы Кеңес түрiндегi парламент екi рет үлкен дағдарысқа ұшырады. Алғашында 1993 желтоқсанда 12-шi сайланған Жоғарғы Кеңес өзiн-өзi таратқан болса, 1995 жылы наурызда 13-шi сайланған
Бiз ұзақ-сонар мұндай мысалдарды неге келтiрiп отырмыз? Бұлардың бәрi де тарихи жағынан сабақ боларлық жәйттер. Олар тұтас бiр мемлекеттердi шайқалтып жiберген оқиғалар. Оның басты сабағының бiрi Парламенттi саяси күрес алаңы емес, елдегi тұрақтылық пен ынтымақ үшiн қызмет ету органына айналдыру екендiгiн түсiнуде жатыр.
Биыл онжылдық мерекесiн тойлап отырған қос палаталы Қазақстан
Елiмiздiң қос палаталы Парламентi өз қызметiнiң мүмкiндiктерi мен өкiлеттiктерiн Президент, Үкiмет тағы басқа Жоғары мемлекеттiк органдармен текетiрес бағытында емес, ынтымақтастық бағытында пайдаланып келедi.
Парламенттiң тағы бiр ерекшелiгi – оның кәсiбилiгi. Кәсiбилiктi екi тұрғыдан түсiнуге болады. Бiрiншiден, Парламент негiзiнен заң шығарумен айналысатын өзiнiң құрылу табиғатынан кәсiби орган. Екiншiден,