Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Конфликтті шешу жолдары


Жоспар
1 Конфликт 3
1.1 Конфликт туралы қысқаша сипаттама 3
1.2 Конфликтті шешу жолдары 4
2 Саяси конфликт 7
2.1 Саяси конфликтілердің шешілуі 7
2.2 Конституцияның ролі 8
2.3 Саяси конфликтілерді шешудің басқа тәсілдері 12
3 Халықаралық конфликт 13
3.1 Халықаралық конфликттердің шешілуі 13
4 Педагогикалық кикілжіңдерді «оқытушы - оқушы» системасында мәселелі жағдайларын шешудің әділетті тәсілдері 16
4.1 «Оқытушы - оқушы» құрылымындағы жанжалдар мен мәселелі жағдайлар 16
4.2 Педагогикалық жанжалдың шығу себептері 17
4.3 Жанжалды психологиялық тұрғыдан қарастыру 19
4.4 Педагогикалық кикілжіңдердің кезеңдері 20
Қорытынды. 24
Пайдаланған әдебиеттер 25

1 Конфликт
1.1 Конфликт туралы қысқаша сипаттама
Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама - қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.
Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:

2 Саяси конфликт
2.1 Саяси конфликтілердің шешілуі
Саяси даудың динамикасы, кез – келген басқалары сияқты, әмбебапты кейбір сатылардан тұрады (қарама –қайшылықтың жасырын пісіп жетілуі, шиеленісушілік, эскалация және шешілуі). Әйтседе саяси қарсылықтың орталық сәті, әрқашан элитаның билік үшін күресі.
Саяси элиталар арасындағы және олардың ішкі билік үшін күресі, жалпы алғанда қарапайым нәрсе. Демократиялық жағдайда ол интегралды функцияға ие, себебі басқа жеке қоғамның рационалды қадағалануына әкеп соқтырады.

2.2 Конституцияның ролі
Саяси конфликтілерді шешудің заңды түрі, конфликтіекені бәрімізге белгілі. Кейде, әсіресе қоғамның сапалы жаңа жағдайға ауысқанда, оны қайта қарастыру қажеттігі туады.
Әйтседе, конституциялық реформа өткізуде, кейбір қиыншылықтар туады. Жекелегенде, оны экономикалық жүйеде түбегейлі трансформация жасамауды ұсынады. Істің беделдігі әуел бастан құқықтық сенімділікті талап етеді, сондықтан конституция трансформация басталғанға дейін қабылдануға тиіс.
Егер халық заң шығарушы және бақылау органдарына сенімін артса (конституциялы сот сияқты), ал конституция мамандандырылған көпшілікпен мақұлданса, онда жекелеген топтарға тарнсформациялау жолын бұрмалауға (өз пайдасына қарай) немесе жаңа жүйеге ескі жеңілдіктерін кіргізіп қоюға жол берілмейді. Конституциядағы жаңа экономиялық жүйе бұған кепіл бола алады.

2.3 Саяси конфликтілерді шешудің басқа тәсілдері
Саяси конфликтілерді шешу тәсілдеріне келетін болса онда олар жетерлік. Таңдау конфликтің субъектілігіне, оның орны мен уақытына байланысты. Кейбір жағдайда келісімге келу үшін референдум механизмдерімен және таңдауларымен байланысты, ал басқаларында ол указдар, декреттер, бұйрықтар атқарушы билік қаулыларымен немесе парламенттің арнайы қабылданған заңмен қамтамасыздандырады. Конфликт шешу формалары күшпен (қысым мәжбүрлеу) болуы мүмкін, немесе зорлық-зомбылықсыз (консенсус немесе компромисс) ымыраға келу.

3 Халықаралық конфликт
3.1 Халықаралық конфликттердің шешілуі
Дұшпандық және зорлық –зомбылық шешуші болмаса да басты рөлдерде болатын халықаралық конфликтті шешу өте күрделі. Мұндай жиі кластың және топтың, ұлттың, территориялық және басқа да істер шиеленіскен. Күреске көптеген әр түрлі түрдегі үкіметтер және жеке ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар тартылады.

4 Педагогикалық кикілжіңдерді «оқытушы - оқушы» системасында мәселелі жағдайларын шешудің әділетті тәсілдері
4.1 «Оқытушы - оқушы» құрылымындағы жанжалдар мен мәселелі жағдайлар
Педагогикалық процестің қатысушыларының өзара әрекеті тұлғаның өсуінің қайнар - көзі болатын қайшылықтардың пайда болуына себепші болады. басқарылатын қайшылықтар позитивті рольді ойнайды. Олар оқып жатқан білімдарді игеруді, ептілік пен тәжірибелерді ынталандырады, оқытушы мен оқушылардың өзара әрекетіне себепші болады. бұл жағдайда педагогтармен қойылған мақсаттар мен тапсырмалар, қойылатын талаптар оқушыларға тұлғалық ретінде қабылданады. Қайшылықтарды шебер түрде жеңу оқытушы мен оқушыларды жақындастырып, сенімді қатынастарға және өзара түсініктерге әкеледі.

4.2 Педагогикалық жанжалдың шығу себептері
Күрделі кикілжің жағдай оқытушы мен оқушылардың қиын жағдайдағы өзара әрекетімен ерекшеленеді, онда мақсаттардың, тапсырмалардың, дәлелдердің және оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің келіспеушілігі бақыланады. Келіспеушілік деңгейі кикілжің жағдайдың қиыншылығы мен күрделілік деңгейін анықтайды. Өте жиі келіспеушілік оқушылардың жаман қылықтарын тудырады, бұл мұғалімнің оқушыға көңілінің болмауынан шығады. Оқушыға, оның ойынша, оқытушының ерекше назарына ие болуы керек деп ойлайды, ал өз көңілін ойламайды. Оқушы өзіне көңіл аударғысы келеді. Егер оның талаптары назарсыз қалса, ол да осыған сәйкес мінез – құлыққа көшеді.

4.3 Жанжалды психологиялық тұрғыдан қарастыру
Психологиялық көзқарас бойынша жанжал қарсы бағытталған, жиі сәйкес емес қажеттіліктердің, дәлелдердің, ойлардың, сезімдердің, әдіс әрекеттері мен мінез актілерінің қақтығыстарын білдіреді. Жанжал оған қатысушылардың шиеленіскен қайшылықтарының эмоционалды күшпен, мұғалім мен оқушының негативті уайымдарының өткірлігімен ерекшеленеді. Жанжал барлық қатысушыларға өз ауыртпалығын тигізеді. Олар өте жиі стресстердің себептері болып табылады, қатынастардың айырылыстары болып саналады, әртүрлі психосоматикалық аурулардың себепшісі болуы мүмкін.