Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанның ең ежелгі қаласы

Сонымен жылқы жылының күзінде Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы өткізіледі. Бұл жөнінде дүниежүзілік құзырлы ұйым ЮНЕСКО шешім қабылдаған болатын. Осыдан екі жыл бұрын түркі дүниесінің, қазақ мемлекетінің рухани астанасы Түркістанның 1500 жылдығы тойланған болса, ендігі кезек Таразға келіп отыр. Ал Тараз - әлемге ежелден Үлы Жібек бойындағы сауда-саттығы дамыған, салмақ өлшеу құралы — таразы ойлап табылған шаһар қолөнер, керамикасы, алтын, күміс, зергер бұйымдары, сұлу ару қыздары, қайтпас қайсар жауынгерлері, ғұлама, ойшылдары, ақындары арқылы белгілі қала еді.
Тараз қаласының іргетасы қаланғанына шынтуайтына келгенде биыл дәл 2040 жыл толады. Бұл жайында Қытайдың 6000 жылды қамтитын «Цянь-хань-шу», яғни «Кейінгі Хань әулетінің тарихы» деген жылнамада жазылған. Оны алғаш орысшаға қысқаша аударған Ресейдің қытайтанушы монах-сопысы Н. Бичурин болса, осы елдің тағы бір ғұламасы Л.Н. Гумилев өзінің «Таласская битва Зб-го года н.э.» деген мақаласында Талас өзенінің жағасында ғұн билеушісі Чжи-чжи біздің жыл санауымызда бұрынғы 42-41 жылдары тұтқын Рим легионерлерін пайдалана отырып, кент салғызғанын жазған еді. Талас өзені жағасында салынған сол қала әуелі Талас аталып, 892 жылы Бұқарадан қалың әскермен келіп, жаулап алған Исмаил Самани билігінен кейін ортағасырлық тәжік тілінің «р» мен «л» дыбыстарын алмастыра айтатын әсерімен Тараз аталып кеткен.

Ежелгі қаламызды жоңғар жолаушылары 1723 жылы жермен жексен етіп қиратқан. Сонымен Тараз атауы тарихтан сызылғандай еді. 1774 жылы Талас өзенінің жағасына Абылай хан қала тұрғызып, оны өзінің ұлы Әділ сұлтанға билетті. Осы жайында Абылай ханның шөбересі, атақты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов өзінің «Абылай» атты мақаласында атап көрсеткен болатын. Бұл қала Әулиеата аталды. Осы арада кейбір тарихшыларымыз Әулиеата қаласын қоқандықтар салды деп жаңсақ айтып жүргендігін айта кету керек. Рас, қоқан мемлекетінің тағына би атауынан бас тартып, хан лауазымен алғаш отырған Әлім 1799-1809 жылдары арасында қазақтың Түркістан Шымкент сондай-ақ Әулиеата қаласын жаулап алған. Бұл туралы өзбек тарихшысы Молла Әлім Махмуд қажы 1914 жылы «Түркістан тарихы» атты өзбекше жазған кітабында атап көрсетеді. Бұл дерек тарихшымыз Е. Бекмахановтың «Казакстан в 20-40 годы XIX века» деген монографиясынан келтіріліп отыр (ҚазМУ баспасы, 1992 ж., 158-159 бб.). Осы өзбек тарихшысының шығармасында Әділ сұлтан Әулиеата қаласын қайтарып алумен бірге Ташкентке де билік жүргізуге әскери жеңіс нәтижесінде ие болғаны, бірақ кенеттен 1815 жылы көз жұмғаны да айтылады. Тек Әділ сұлтанның қазасынан кейін ғана Қоқан хандығы Әулиеата қаласын екінші рет жаулап алып, 1826 жылы Наманган көшесін, қамал-қорған салады. Бұдан туатын қорытынды: Әулиеата қаласын қираған Тараз орнына салып, ең ежелгі шаһарымыздың үзілген тарихи жібін қайта жалғастырған ұлы ханымыз Абылай екендігін халқымыздың және жат жұрттардың зердесіне жеткізу.