Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңгер этикасы

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Әдет-ғұрып, миф және құқық

Әдет-ғұрыпқа рәсімдер күш беріп отырады. Көптеген халықтарда әдет-ғұрып пен рәсім ережелері тұрақты сипатта болғандығы соншалық, іс жүзінде олар басқа құқықты қажетсінбейді.
Әдет-ғұрып пен тыйым нормаларының өзіндік ерекшеліктері бар: олар белгілі бір жағдайлардың әсерімен жоғала да, қайта қалпына келе де, өзгере де алады. Әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді ұстану көрініс табудың өзіндік нысандарын талап етеді. Мұндай нысандар болып рәсімдер мен символдар немесе символдық бейнелер табылады.

Миф туралы көптеген теориялардың ішінен Э.Кассирердің көзқарасын атап өткен жөн болар.
Ол мифологияны тіл мен өнермен қатар мәдениеттің дербес бейнелік нысаны ретінде қарастырады. Мифтік сана кілтті қажет ететін құлып ретінде түсіндіріледі. Миф шығармашылық тәртіптің, тіпті, болмысты танудың нысаны ретінде түсіндіріледі. Р.Барт бойынша, миф дегеніміз коммуникативтік жүйе, хабарлама.

Әрбір дәуірдің өзіне тән мифтері болған. Алайда, ежелгі грек мифтері мен қазіргі қоғамдағы мифтерге тән ортақ белгі бар: мифтерді жасау барысындағы фантазия, шығармашылық күштің шындық пен ақиқатты қалыптастыруы және оған адамды бағындыруы. Мифологиялық бейнелер кей кездері өмірдің өзінен де шынайы сипатты иеленеді. Бұл мәңгілік тақырып В.Шекспирдің “Өмірдің өзі — театр” деген сөзіне еніп кеткендей.