Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Еңбек құқығы және жеке еңбек шарты


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Еңбек құқығы 5
1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік 5
1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары 7
1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар 8
2 Жеке еңбек шарты 10
2.1 Жеке еңбек шартының ұғымы 10
2.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны 11
3 Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық 13
3.1 Еңбек келісімі 14
3.2 Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық 15
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді.

1 Еңбек құқығы
1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.

1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген, еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар.
Еңбектік - құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар өзге құқық салаларына тән екі топқа бөлінеді: біріншісі – салааралық, яғни басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар, екіншісі – салалық, яғни нақты еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар.

1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар
Еңбектік құқықтық қатынастардың объектісін және негізгі мазмұнын еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке меншіктегі ұйымдарда азаматтардың еңбегін пайдалану жөнінде қалыптасатын жеке дара да, ұйымдық та қатынастар құрайды. Еңбектік құқықтық қатынастарға жұмысшы мен жұмыс беруші қатысады. Бұлардың қарым-қатынасы келісімдік - шарттық негізде құрылады.

2 Жеке еңбек шарты
2.1 Жеке еңбек шартының ұғымы
Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша пошымда жасалатын екіжақты келісім.
Жеке еңбек шарты еңбек құқықтығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдағы ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізде алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.

3 Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық
Еңбек келісім шарттың екі жақтың қарым-қатынастарын жасап, оны реттеп отыру мақсатында жасалатын құжаттың түрі. Шарт мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындардың арасында, сондай-ақ жеке адамдардың арасында жасалады. Егер шарт жеке адам мен мекеме арасында жасалса, онда шарттың мұндай түрін еңбек келісімі дейді.
Еңбек келісімі – мекеме мен сол мекемеде істемейтін адам арасында жасалатын шарт.
Мекемеде керекті маман болмаған жағдайда, еңбек келісімін жасауға рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты сол мекеменің адамымен де келісіліп жасалады. Бұл келісім бойынша жұмыскер өзінің негізгі қызметі бойынша міндеттеріне енбейтін жұмыстарды істеуге тиісті.

3.1 Еңбек келісімі
Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.
Еңбек шарты заңымен рәмізделген екі жақтың (әжетте «әдетте жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Қорытынды
Заңдар әрбір адамның, адамдар бірлестігінің, қоғамның өміріндегі барлық елеулі мәселелеріне қатысты болып шығады. Ал әсіресе жеке еңбек шарты қоғамда үлкен орын алады.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.