Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 94 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Шағын және орта бизнеске несие беру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
1.1 Несиенің маңызы мен функциясы 6
1.1.1 Несиенің қайтарымдылығы 7
1.1.2 Несиенің мерзімділігі 8
1.1.3 Несиенің қамтамасыз етілуі 10
1.1.4 Несиенің мақсатты сипаты 10
1.1.5 Несиенің сараланған сипаты 11
1.1.6 Қайта бөлуші функция 11
1.1.7 Айналым шығынының үнемділігі 12
1.1.8 Капиталдың шоғырлануын жеделдету 12
1.1.9 Тауар айналымына қызмет көрсету 13
1.1.10 Ғылыми – техникалық прогресті жеделдету 13
1.2 Несие беру шарттары мен жіктелімі 14
1.3 Несие берудің негізгі принциптері 25
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ НЕСИЕ БЕРУДІ ТАЛДАУ 30
2.1 Еуропалық құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша Қазақстанда, шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер 30
2.2 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау 43
2.3 Қазақстанның қазіргі несиелік жүйесін талдау 47
2.4 Кәсіпкерлік фирмаларды несиелендіру ерекшеліктері 51
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 62
3.1 Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру мәселелері 63
3.2 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары 68
3.3 Қазақстандағы несиелік бюро 76
ҚОРЫТЫНДЫ 86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМША 94

КІРІСПЕ
«Коммерциялық банк» термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.

1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Несиенің маңызы мен функциясы
Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.

1.1.2 Несиенің мерзімділігі
Ол, несиені қайтарудың қарызгер үшін кез-келген ыңғайлы уақытта емес, несиелік шартта немесе соны алмастыра алатын басқа құжатта белгіленген анықталған мерзімде дәл қайтару қажеттігін көрсетеді.

1.1.3 Несиенің қамтамасыз етілуі
Бұл принцип қарызгердің өзіне алған жауапкершілігін бұзу мүмкіндігі болғанда, несиелердің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыздандыру қажеттілігін айқындайды және несиелендірудің кепілзат алып несие беру немесе қаржылық кепілдеме алып несие беру сияқты, нысандарының практикалық көрсетілуін табады. Бұл әсіресе жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде актуалды, мысалы, біздің отандық жағдайларымызда.

1.2 Несие беру шарттары мен жіктелімі
Анықтау бойынша несие, бұл бір жақтың екінші жаққа қарызға берген, рулық белгілермен біріккен, ақшалай қаражат немесе басқалай заттар. Демек, несиелік құқықтық қатынас ретінде беру (қайта беру), қолдану және ақша қаражатын немесе басқа заттарды қайтару шартының салдарынан пайда болатын барлық құқықтық қатынастар қабылданады. Практикада несие таза түрінде (қарыздар, банктік несиелер), сонымен қатар әртүрлі азаматтық – құқықтық міндеттемелердің құрама бөлігі түрінде қызмет ете алады.

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ НЕСИЕ БЕРУДІ ТАЛДАУ
2.1 Еуропалық құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша Қазақстанда, шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер
Еуропалық қайта құру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банктік қарыздың үш типі беріледі:
1) жеке тұлғаларға және жекеше кәсіпкерлерге (патент бойынша немесе куәлік бойынша жұмыс істеуші), жеке тұлғаларға тұтынушы несие ретінде рәсімделген микронесиелер:

2.3 Қазақстанның қазіргі несиелік жүйесін талдау
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының экономика саласында түбегейлі түрлендіру жаңғырулары жүзеге асты. 2003 жылы АҚШ пен Еуропалық Одақ Қазақстанға нарықты экономикасы бар ел мәртебесін берді.
Экономикалық реформалар мен ішкі нарықтардың ашықтығы қазақстандық өндірісшілерді, нарықтық жүйеге үйлескен алдыңғы қатарлы технологиялары, жоғары білікті кадрлары бар және әрбір кәсіпорынның мүддесін мемлекет қорғайтын шетелдік компаниялармен қатаң бәсекелестік жағдайларға қойды.

2.4 Кәсіпкерлік фирмаларды несиелендіру ерекшеліктері
Тұрақты экономикалық өсу этапында тұрып, Қазақстан әлуетті инвесторлармен қаражаттың белсенді салымына өте мұқтаж. Осындай инвесторлардың бірі болып, бірнеше жылдар қатарында жеткілікті тұрақты дамып келе жатқан банкілік сектор табылады. Сонымен қатар, банкілердің ресурстық базасының өсуінің жоғары қарқындылығының арқасында, банкілік несиелендіру процесі екпінді жандандырылады.
Соңғы жылдары макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы және қаржылық нарықтың тұрақты дамуының сақталуы фонында экономиканың көптеген секторларында өндірістің позитивті өсуі жалғасуда. Нақты сектордың көптеген кәсіпорындарының қызметтері жақсаруда, тауарлар мен қызмет көрсетуді өткізу дұрысталды, айналым қаражаттары жоғарылады.

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру мәселелері
Шағын кәсіпкерлік қолайлы емес экономикалық жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен Ұлттық Банкінің жеткілікті қатаң ақшалай – несиелі және бюджетті – қаржылы саясаты жағдайында аяғына тұрып, өркендеуге талаптанады.
Макроэкономика аумағында қол жеткізген ұлттық валюта курсының қалыптасқанына, ақшалық массаны шектеп және инфляция қарқынын төмендетуге қарамастан, қаржыландыру мәселесі әліде шешілген жоқ.
Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті несиелендіру басымдылықты мемлекеттік міндетпен анықталады, ЕҚДБ несиелік бойлығының қарыз қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қаржыландыруды бастаған, шағын кәсіпкерліктің өркендеу Қоры құрылды .
Қаржылық сұлба ретінде қосалқы несиелендіру қабылданды, яғни екінші деңгейдегі банктер арқылы несие беру – қордың қарызгері болып өкілеттік банктер түседі, ал шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері – соңғы қарызгерлер болады. Әрине, іскер кісілер «жұмсақ» несиеге мүдделі, дегенмен олар үшін маңызды нәрсе қол жетерлігі, біріншілікті капиталды алу мүмкіндігі және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Шағын және орта бизнес үшін несиеге тұрақты қол жеткізу оның шамасына қарағанда өте маңызды деп саналады. Несие құнының жоғарылығы бизнестің үлкен рентабельділігіне әкелетінін ұмытпау қажет.

3.2 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстандағы нарықтық қатынастың өркендеуі рыноктың әртүрлі тұтынушы тауарлармен қанығуымен ғана байланысты емес, сонымен қатар кәсіпорындардың массалық банкроттығы мен жұмыссыздық сияқты қатал нақтылықтарменде байланысты. Бұл жағдайда, әлемдік тәжірибеге жүгінсек, майда және орта кәсіпорындар өндірісті кеңейту үшін, әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетуді жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға таптырмас қор.

ҚОРЫТЫНДЫ
2004 жылдың ішінде Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін, қолайлы жағдайларды жасау үшін салмақты шаралар қабылдады. Сондай-ақ экономиканың осы секторының жемісті және белсенді өркендеуіне кедергі келтіретін барлық проблемалар қамтылды. Шараларды қабылдаудың объективті себебі болып, соңғы жылдары логика мен болжамдарға қарсы, шағын және орта бизнес секторларында белсенділіктің төмендеуінің тұрақты тенденциясы табылды.
Әлемдік практикаға сәйкес, шағын және орта бизнес қалыпты өркендеуші экономика жағдайларында сәйкесті мемлекеттік қолдаумен барынша жемісті жұмыс жасайды. Қазақстанда қалыптасқан әлемдік тенденцияларға қарамастан, берілген процестер толық шамада өзінің бекітілуін таппауда.