Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Төлем карточкалары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Төлем карточкалары 4
1.1 Карточкаларды шығару. Банк пен Карточка Ұстаушының пайдалану, тәртібі, құқығы мен міндеттері 4
1.2 Төлем карточкаларын пайдалану бойынша құқықтар мен міндеттер 5
1.3 Карточкаларды қайта шығару 10
1.4 Банктің Қызметін Карточка Ұстаушының төлеу тәртібі мен тарифтері 11
1.5 Карточканы тежеу 12
1.6 Карточка Ұстаушының Карт-шоты бойынша Банк көрсететін қосымша қызметтердің тізбесі 17
1.7 Карточкалық іс-қимылдарды жүргізу тәртібі 21
1.8 Карточкалық іс-қимылдар бойынша лимиттер мен шектеулер 23
1.9 Тараптардың Жауапкершілігі 24
1.10 Карточка Ұстаушының жауапкершілігі 24
1.11 Банктің жауапкершілігі 26
1.12 Банктің жауапкершілігінде жоқтар 26
1.13 Басқа жағдайлар 27
Қорытынды 29

Кіріспе

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары – пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айырысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банкомат – банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған құрылым.
Банкоматтан карточка көмегімен ақша алу үшін әрбір карточка иесіне арнайы ПИН-код тағайындалып атаулы карточка беріледі.

1 Төлем карточкалары

1.1 Карточкаларды шығару. Банк пен Карточка Ұстаушының пайдалану, тәртібі, құқығы мен міндеттері

Карточкаларды шығару және қызмет көрсету талаптары, оның Қосымшаларымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.
Негізгі Карточканы шығарғанда Банк Карточка Ұстаушыға Карт-шот ашады. Болуы мүмкін Карточка Ұстаушы Банкке Банктің ішкі құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңдары талаптарымен белгіленген құжаттарды ұсынады.
Әрбір жеке Карт-шотты енгізу валютасы болуы мүмкін Карточка Ұстаушы мен Банкпен Карточка Ұстаушының Өтінішінде, осы Шарттың талаптары мен Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес анықталады.
Карт-шот ашылған Карточка Ұстаушысы Негізгі Карточканы Ұстаушы болып табылады. Карточка Ұстаушының қалауы бойынша оның жазбаша өтініші негізінде Банк, Карточка Ұстаушы көрсеткен Қосымша Карточканың Ұстаушысы болып табылатын тұлғаның (оның ішінде Карточка Ұстаушының өзіне) атындағы Карт-шотқа Қосымша Карточка шығаруы мүмкін. Осы Шарттың талаптары Қосымша Карточкаларды Ұстаушыға таралады. Негізгі Карточканы Ұстаушы Қосымша Карточканы Ұстаушыны осы Шарттың талаптарымен таныстыруға міндетті және осы Шарттың талаптарын Қосымша Карточка Ұстаушының сақтауына толық түрде жауапты. Негізгі Карточканы Ұстаушы жазбаша өтініш негізінде Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы жоюға құқылы.

1.4 Банктің Қызметін Карточка Ұстаушының төлеу тәртібі мен тарифтері

Осы Шарт бойынша Банк ұсынатын қызметтер үшін, Карточка Ұстаушы Банктегі әрекет ету күші бар Тарифтерге сәйкес комиссиялық сыйақыларды (комиссияларды) Банкке төлеуге міндеттенеді.
Комиссияны төлеу Карточка Ұстаушының Карт-шотынан тиісті ақшаларды акцепсіз алу жолымен жүргізіледі.
Тарифтерді Банк болуы мүмкін Карточка Ұстаушысына оның осы Шартқа қосылғанына дейін ұсынады.

1.6 Карточка Ұстаушының Карт-шоты бойынша Банк көрсететін қосымша қызметтердің тізбесі

Банк Карточка Ұстаушының жазбаша Өтінішінің негізінде осы Шарт бойынша карточка Ұстаушыға мынандай қосымша көрсететін қызмет тізбесін ұсынуға құқылы:
 «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінің қызметтері;
 СМС-банкингтің қызметтері;
 Банктің Банкоматтары және Банктің төлем терминалдары арқылы ұсынылатын қосымша қызметтер;
Жоғарыда көрсетілген тізбе соңғы тізбе емес және Банк жаңа қосымша банктік қызметтерді енгізген кезде Банк оны бір жақты тәртіпте толықтыруы мүмкін.

1.7 Карточкалық іс-қимылдарды жүргізу тәртібі

Карточкалық іс-қимылдарды жасағанда Карточка Ұстаушы өз қалауына қарай осы Шарттың талаптарына және Карточканы пайдалану Ережесін ескере отырып, Карт-шоттағы ақшаны жұмсайды.
Банк Бенефициардың пайдасына ақшаны Карточка Ұстаушының Банкке түскен аударымы/ электронды құжаты жазбаша өтініші негізінде Карточка Ұстаушының жазбаша Өтініші жазылған а күннен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе Банкке Карт-шотта ақша жеткілікті болған жағдайда Банк электронды құжатты алған жағдайда аударады.
Банк Карт-шоттар бойынша ақшаны есепке алу/есептен шығару іс-қимылдарын жүргізуге мына жағдайларда құқығы жоқ болады, егер:

1.10 Карточка Ұстаушының жауапкершілігі

Карточканы пайдаланбағаны үшін, және/немесе толық көлемде Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залалы үшін, осы Шарттың кез келген басқа талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/ орындауға ниет білдірмегені үшін.
Қосымша Карточкаларды Ұстаушының/лардың толық көлемде Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залалы үшін, Карточканы пайдалану бойынша талаптарды, осы Шарттың кез келген басқа талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/ орындауға ниет білдірмегені үшін.
Банктің Карточка Ұстаушысы және/немесе Қосымша Карточка Ұстаушылар Карточканы жоғалту немесе оны уәкілеттенбеген тұлғаның пайдаланғаны мен Карточканы Банктің тежеген фактісі туралы ескерткенге дейін, Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға Карточканы заңсыз пайдалану нәтижесінде келтірілген шығындар үшін.

Қорытынды

ПИН-код – (ағыл.Personal Identification Number – жеке идентификациялық номер) – банктік картаның иесіне банкомат немесе Pos-терминалдар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жеке идентификациялық номері.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар: