Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 5
1.1 Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі 5
1.2 Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы 10
1.3 Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері 18
1.4 Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде 23
2 бөлім. Қазақстан Халық банкінің экономикалық сипаттамасы 27
2.1 Қазақстан Халық банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы 27
2.2 Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары 32
3 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ 37
3.1 Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері 37
3.2 Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы көрсетілетін қызметтер 40
3.2.1 Card to Card жүйесімен ақша аудару 41
3.2.2 Банкомат арқылы берілетін кредит лимиті 41
3.2.3 Банкомат арқылы төлемдер 42
3.2.4 Кедендік баж салығы мен төлемдерді жедел төлеу 42
3.2.5 Карточкалық депозит 43
3.2.6 Мобильдік банкинг 43
ҚОРЫТЫНДЫ 45
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
1 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі қызметтерді ғана атқарады. Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік және басқа да шоттарда заңды және жеке тұлғалардың салымдары ретінде сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы алғанда негізгі орынды қолма-қолсыз айналым алады.
Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге дейін – карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.
1.2 Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы
Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда, түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.
1.3 Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік және табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген.
Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:
1.4 Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде
Банкоматтарды пайдалану үлкен көлемді инвестицияларды талап етеді, сондықтан оларды тек ірі банктер ғана пайдаланады. Банкоматтардың қолданылу тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бір банкоматқа қолданылатын пластикалық карточканың көлемін есептеуге болады. Англия мен АҚШ-тағы атақты банкомат жүйесінде бұл көрсеткіш 2-4 мың карточка/ банкоматты құрайды. Бұнда әр банкомат аптасына шамамен 1000 рет немесе күніне шамамен 150 рет пайдаланылады. Көптеген жағдайларда шамамен 67% банкоматтарға көшеден қол жеткізіледі, ал 24% банкоматтар банктің өзінде орналастырылады.
2.2 Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары
Банк – банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға («Банк қызметі туралы» ҚР Заңы 1995 жыл 31 тамыз, 1-бап, 1-тармақша).
«Банк қызметі туралы» ҚР Заңының 30-бабының 4-тармақшасына сәйкес банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
в) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу;
г) кассалық операциялар: банкоматтар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаптап буу және сақтау;
д) аудару операциялары;
е) есептеу операциялары;
ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес: ақшалай түрде несие беру;
3 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
3.1 Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері
Төлем карточкалары – бұл бұндай карточканы ұстаушының төлем карточкасының эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюталарды айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға рұқсат беретін электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаға бақылау жасау құралы («Ақшалай төлемдер мен аударымдар» ҚР Заңы, 1998 жыл, 29 маусым, 3-бап, 55 тармақшамасы). Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады, ол карточкада көрсетіледі. Карточканың мерзімі өткеннен соң, ол ұзартылып, жаңа карточка беріледі, карточканың жұмыс істеу мерзімі 3 жыл. Қазіргі кезде жалақы алуға арналған төлем карточкалары кеңінен қолданылуда.
Қазақстан Халық банкі Visa International (1998 жыл, ақпан айынан бастап) және MasterCard International (1997 жыл, шілде айынан бастап) халықаралық төлем жүйелерінің мүшесі болып табылады, яғни олармен тікелей қаржылық қатынаста. Қазақстан Халық банкі Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығының көшбасшысы болып табылады (Қазақстандағы төлем карточкаларын ұстаушылардың 60%-н астамы).
Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері:
3.2 Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Халық банкінің карточкалары бойынша банкоматтан берілетін үзінділер арқылы зейнетақы қорындағы өз шотыңыздың жай-күйі туралы мәлімет алып отыруға да болады. Сонымен қатар банкомат көмегімен коммуналдық қызметке, телефон байланысы операторларының қызметіне ақы төлей аласыз. Банкомат арқылы несие алу да еш қиындық туғызбайтын болды. Батыстың, оның ішінде Еуропа елдерінің ең керемет деген бірнеше жұлдызды отельдерінде карточканың көмегімен жеңілдікпен тұра аласыз.
Сондықтан банк ісі саласындағы бүгінгі күні банктік технологиялар жаңалықтары арқылы енгізіліп отырған жеңілдіктерді клиенттер еш қауіптенбестен, барынша пайдаланғаны жөн.
3.2.1 Card to Card жүйесімен ақша аудару
Халық банкі өзінің төлем карточкасын пайдаланушы клиенттеріне банкомат арқылы бір карточкадан екінші карточкаға ақша аудару қызметін ұсынады. Card to Card қызметі сізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: бұл қызмет түріне сіз тәуліктің кез келген уақытында, демалыссыз әрі үзіліссіз қол жеткізе аласыз, операцияны банкомат арқылы жүргізудің еш қиындығы жоқ, сонымен қатар аударылған ақшаны Қазақстан аумағында да, шет елдердің бірінде жүріп те қолға алуға болады.
3.2.2 Банкомат арқылы берілетін кредит лимиті
Халық банкі өз клиенттеріне банкке келместен, банкомат арқылы әп-сәтте кредит лимитін алу мүмкіндігін ұсынады. Банкомат арқылы берілетін кредит лимиті – бұл Халық банкінің карточкасымен кезекті жалақыға дейін Банктен қарызға ақша алу мүмкіндігі. Кредит лимиті жалақысы кемінде 15000 теңге болатын әрі жалақысын 3 айдан астам уақыт Халық банкінің карточкасымен алып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың (оның ішінде бюджеттік мекемелердің) қызметкерлеріне арналған.
3.2.3 Банкомат арқылы төлемдер
Халық банкі өзінің төлем карточкаларын иеленушілерге банкомат арқылы әр түрлі төлем жасау мүмкіндігін ұсынады: мобильдік телефондағы балансты толықтырып отыру, кабельдік телевидение қызметі үшін ақы төлеу т.б. Ендігі жерде сіз банктің төлем қабылдайтын пункттері мен бөлімшелерінің жұмыс істейтін уақытына тәуелді болмайсыз – кез келген ыңғайлы уақытта банкоматқа барып, ондағы менюден өзіңізге қажетті бөлімді таңдап аласыз да, тиісті батырмаларды басу арқылы төлем жүргізесіз. Аз уақыттың ішінде төлемақылық ақшаңыз қызмет көрсетушінің шотына түседі.
Халық банкінің банкоматтары арқылы қол жеткізілетін операциялар:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманғы төлем ретінде төлем жүйесінің пайдалануына жасалған анализ келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:
1. Қазақстанның нарықтық қатарға өту процесінің өзі банктік жүйенің қайта құрылуымен байланысты болды. Көптеген коммерциялық банктерге төлем карточкалары жаңа бизнес бағыты және тиімді құралы болып табылады.
2. Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Ал Қазақстанда төлем құралы ретінде пластикалық карточкалар қарқынды даму кезеңін бастан кешуде.
4. Төлем карточкаларының нақты даму тенденциялары болып микро процессорлы техника мен электронды коммуникациялардың жетістіктері негізінде олардың жетілдірілуі саналады.