Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ 4
1.1 Несиенің қызметтері және экономика дамуындағы ролі 4
1.2 Несие ақшаларының түрлері және несие формалары 8
2 НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 16
2.1 Несиелік жүйені құру принциптері 16
2.1 Несиелік жүйені құру принциптері 17
2.2 Қазақстан Республикасында несие-ақша жүйесінің қалыптасуы және дамуы 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23

КІРІСПЕ

Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиең қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әртүрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындауға шығарады.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс - жүзіндегі айналым қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның қағаз ақшадан ең негізгі артықшылығы.

1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Несиенің қызметтері және экономика дамуындағы ролі

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғары ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан - түрлі практикалық және теориялық саудалардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түрлі түсіндіріледі.


1.2 Несие ақшаларының түрлері және несие формалары

Несие ақшаларының негізгі түрлері:
1. Вексель
2. Банкнота
3. Чек
4. Несиелік карточка
1. Вексель – төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты.
Ол несие және ақшалай есеп айрысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бір неше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі. Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:

2 НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

2.1 Несиелік жүйені құру принциптері

Несиелік құқықтың қатынастар нарық қатысушыларын да айналымға түсіретін құжаттарға, ақшаларға, шикізат пен материалдарға деген тұрақты қажеттіліктің болуымен байланысты туындайды. Екінші жағынан, еркін ақша капиталы бар субъектілер де оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделі. Нарық қатысушыларының осындай қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін заем қатынастарының нысаны қолданылады. Осылайша, несиелік құқықтық қатынастардың есеп айырысу құқықтық қатынастарынан өзіндік ерекшеліктері бар, олар, текті белгілермен анықталатын ақшаларды немесе заттарды, кейін қайтару шартымен , беруден көрініс табады. Мұндай міндеттемелердің заңдық ерекшелігі - жеке белгілермен анықталатын заттарға қатысты туындайтындарға қарағанда, олар «түр жоғалмайды» қағидасын қолданумен заттың белгісі бойынша құрасты латындығында.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, ақша айналымына ақшаның несие түрлі жетілген және автоматтандырылған жүйесін енгізгенмен адамзат қоғамының негізгі – тауарлы өндіріс болғандықтан «ақшасыз шаруашылық» деген ілім құрғақ қиял болып қала бермек. Ақша бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да болады.
Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Вавилонда пайда болған.