Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ тіліндегі сандық мәнді сөздер жайында

Сан есім - заттың мөлшерін, ретін, санын білдіретін грамматикалық ерекшеліктері бар, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Мысалы: он қой, бес қозы, жиырма литр сүт. Мұнда біз әр заттың санын нақты біліп тұрмыз. Алайда тілімізде нақты сандық ұғымды білдірмесе де, кейбір сан есімдермен мағыналас болып келетін көптеген сөздер бар. Мысалы, жарты, жарым, ширек, т.б. Мұндағы жарты, жарым сөздері екіге бөлгеннің бірі яки 2/1 бөлшектік ұғымымен беріліп тұрса, ширек сөзі төрттің бірі яки 4/1 бөлшектік ұғымымен беріліп тұр.

Аршын - парсы тілінен енген, бұл өлшемнің дәл мағынасы- шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық. Аршын- кездің синонимі.
Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем, шамамен 17-18 см. Мысалы: Гүлдер күніне бір сүйем өсіп шығады екен.
Ал қарыс сүйем -50 см, сынық сүйем-14-15 см, ал кере қарыс-20-22 см . Бұлар көбіне маңдайға, қастың арасына, бет пен жаққа, сондай-ақ жылқының құлағына, жал етіне, шоқтығына, ізінің қашықтығына, т. б. жағдайларда айтылады.

Осы қашықтық өлшемдердің ішінде қамшы салым жер, қарға адым жер, қарыс аттам жер, иек аттам жер сияқты т.б. сөздер де қолданылады. Мысалы: Бөдене зар жылап барып, таяқ тастам жердегі бетегеге жасырынды.
Мерзім мағыналы сөздер: Бір сәт, қас-қағым, ә дегенше, әу демде- 1секунд, сүт пісірім - 10-15мин, бие сауым - 1,5мин т.б. Мысалы: Талдап уақытын оздырмады, кірпік қаққанша тар жерде көзден ғайып болды.
Міне, іздей берсек қазақ тілі осы сияқты түрлі сандық мәнде сөздерге өте бай екендігіне көзіміз жете береді. Бірақ бұл келесі зерттеу жұмысымыздың нысаны болмақ.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология – Алматы, 1991.
2. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі – А., 1988.
3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі – Алматы, 1977.