Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 18 стр.

Полный просмотр работы

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқатар мемлекеттік кітапханалары қолжазба қорларында еліміздің ортағасырлық шаһарлары мен кенттерінен шыққан арыс¬тарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және ара-кідік басылған да еңбектері бар.
Солардың ішінде Отырар, Сығнақ, (Жазба деректерде осылай көрсетілген – Ә.Д.) Женд, Түркістан, Тараз, Баласағұн ғұлама¬ларының түрлі тақырыпты қамтитын қол¬жаз¬балары көптігімен таңғалдырады. Мысалы Әбу Насыр әл-Фараби, Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи, Мухаммед Абд ас-Саттар әл-Кердери, Һиба¬тулла ат-Түркістани ат-Тарази, Мухий ад-дин Женди, Ала ад-дин Түркі¬стани шығармалары және Қожа Ахмет Ясауи “Диуанының” көшірмелері жиі кездеседі.

Иә, Түркия кітапханаларында Әбу Насыр әл-Фарабидің негізінен осындай фи¬ло¬софия, логика, психология, фило¬логия, музыка, география және т.б. ғылым сала¬ларына қатысты еңбектері сақталған. Түрік ғалымдарының ХХ ғасырдың 50-жыл¬дарынан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек зерделеп, тіпті түрік тіліне де аударғаны байқалады. Солардың ішінде Әбу Насырдың “Китабу-л хуруф” – “Әріптер кітабы”, “Китабу-т тахлил” – “Талдау кітабы”, “Китабу-л ибда” – “Білдіру кітабы”, “Китабу-л қийас” – “Силлогизм кітабы”, “Рисала танбиһ ала сабил-с сағада” – “Бақыт жолын көрсету (сілтеу) жайлы трактат”, “Мантиқ инда әл-Фараби” – “Әл-Фарабидің логикасы”, “Рисалату фи-л ақл” – “Ақыл жайлы трактат”, “Фусусул мадани” – “Азаматтық [саясат кітабының] гауһар¬лары”, “Китаб ара аһл әл-мадинату-л фадила” – “Кемел қала тұрғындарының көзқарасы” атты еңбектері жиірек ұшыра¬сады. Сондай-ақ оның “Ихса әл-улум” – “Ғылымдарды жіктеу”, “Сийасату-л мада¬нийа” – “Азаматтық саясат” секілді шығар¬ма¬ларын да кездестіреміз. Бұлардың бір¬қатары қазақстандық фарабитанушыларға таныс, біршамасы аз да болса зерттелген және орыс, қазақ тілдеріне тәржімаланған.

Отырарлық бұл ғалымның да өмірі мен шы¬ғармашылығы туралы өткен ғасырдың 95-жылы шыққан “Қазақ даласының жұл¬ды¬з¬дары” атты еңбегімде жазғанмын. Ол Әбу Насыр әл-Фарабиден соң өмір сүрген. Алғашқы білімді туған елінде алған соң, ар¬ман қуып Дамаскі мен Бағдадқа аттанған. Сөйт¬кен Әбу Ибраһим Исхақ араб тіл білімі мәселелерімен айналысып, еңбек жазған. Оның ХХ ғасырдың 70-жылдары Мысырда шық¬қан шығармасы “Диуан әл-әдаб фи-л луға” – “Тіл жайлы адаб жинағы” деп аталады.

Араб тілінің көрнекті өкілі саналатын бұл жерлесіміз де Отырарда Х ғасырдың шамамен 2 жартысында туған. Алғашқы білімді де отанында алған. Сосын нағашысы Әбу Ибраһим Исхақтың шақыруымен Бағдад пен Дамаскіге аттанған.
Оның да еңбектері араб тілі мәсе¬лелеріне арналған. Әбу Насыр Исмайлдың негізгі еңбегі “Тадж луға уа сихах әл-арабийа” – “Тіл тәжі және дұрыс (нағыз, шынайы, ақиқат) араб тілі” деп аталады. Отырарлық бұл ғалым негізінен араб тілі¬нің лексикографиясын жазумен аты шық¬қан. Еңбектің Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларындағы нұсқалары түрліше аталады.

Отырарлық бұл ғалым жайлы да “Қазақ даласының жұлдыздарында” мағлұмат берілген. Мұхаммед ХІІІ ғ. өмір сүрген парасат иесі. Әбу Насыр әл-Фарабидің фи¬лософиялық еңбегіне түсіндірме жазыпты, бірақ ол еңбегі жарияланбаған. Қолжазба күйінде сақтаулы.

Қауам ад-диннің Түркияда бірқатар еңбектері сақтаулы.
Түркияның қолжазба қорлары мен кітапханаларындағы отырарлық ғұламалар мен олардың жазба жәдігерліктері мен ба¬сы묬ған дүниелері туралы деректер осылар.
Ибн әл-Фуати деген атпен белгілі орта- ғасыр¬лық хадисші, тарихшы Камал ад-дин Абд ар-Раззақ ибн Ахмад әл-Бағдади аш-Шайбани ал-Ханбали (1244-1323) “Маджма ал-адаб фи муғджам ал-алқаб” – “Лақап аттар анықтамалығы туралы әдеби жинақ” атты 5 томдық еңбегінде тек Отырар ғана емес, сондай-ақ қазақ жерінің Қайалық (Талды¬қорған өңіріндегі Қойлық шаһары), Имил (Сыр бойында болса керек – Ә.Д.), Түркістан, Женд, Сауран, Исфиджаб – Сайрам, Қараспан, Сығанақ, Иқан (Итқан), Жікілдік парасат иелері туралы да деректер бар. Фараб¬тан шыққан бізге беймәлім үш ғұламаны ол Утрари (Отырари) деп көрсеткен. Олар: