Конституциялық құқық негіздері
МАЗМҰНЫ
1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы 3
1.2. Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет 5
1.3. Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет 8
1.4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі 10
1.5. Қазақстан - Президенттік Республика 11
1.6. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары 13
1.7. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі міндеттері 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы
"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң" деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
- коғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болын табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
1.2. Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет
Халықтың билік етуі жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек казак ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.
1.3. Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.
1.4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
Қазақстанда сайлау жүйесінің екі түрі қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау. Қазақстан Президенті, Мәжіліс және Мәслихат депутаттары төте сайлау жүйесі арқылы сайланады. Президентті конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.
1.5. Қазақстан - Президенттік Республика
Қазақстан Республикасының Президент! - мемлекеттің басшысы, елдің жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады.
1.7. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі міндеттері
Азаматтардың негізгі міндеттеріне Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, салықтар мен алымдарды төлеу, т. б. жатады.
Әр азамат Республиканың мемлекеттік рәміздерін кұрметтеуге міндетті. Рәміздерге: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын мемлекеттік емес ұйымдардың. және олардың лауазымды адамдарының банктерінде және басқа реквизиттерінде пайдалануына заңмен тиым салынған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.