Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Қаржы валюта нарығы

Жоспар
Кіріспе 3
І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері 4
1.1 Қаржы және валюта нарығы 4
1.2 Құнды қағаз түрлері 6
ІІ. Қаржы және валюта нарықтары: негізгі мәліметтер және қор
биржасы 7
2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтері 7
2.2 Қор биржасы 9
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 12

Кіріспе
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері
1.1 Қаржы және валюта нарығы
Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

1.2 Құнды қағаз түрлері
Құнды қағаз иесінің осындай құжаттар шығарған ұйымдарға қатысты мүліктік құқығын айғақтайтын ақша құжаттары. Құнды қағаз жеке құжаттар немесе есепшоттардағы жазбалар түрінде жүреді.
Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі алынғанын айғақтайтын құжаттар, депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш жазбалары, мұралар, лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы құжаттар бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.

ІІ. Қаржы және валюта нарықтары: негізгі мәліметтер және қор биржасы
2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтері
Ең басты қаржы нарықтарының негізгі сипаттамаларын ұғып алсақ. Басқа нарықтардың көбі ағынмен сатса, қаржы нарығы қорларды сатып отырады.
Үй шаруашылықтарының ұсыныстары, көбінесе ағын болып табылады, сол сияқты қарыз алушылардың өз шығындарын қаржыландыруға керекті жинақтарға сұраныс та. Бірақ ұзақ мерзімдік, бүкіл жинақталған қаржы активтері ретіндегі активтер кез келген уақытта сатылып кетуі немесе сатып алынуы мүмкін. Қорлардың сұраныс пен ұсыныстан жылдам өзгеріп отыруы нарық жағдаятының тұрақсыздығына итермелеп отырады. Осындай түсініктеме, тек қана бір түрлі активтерге ғана емес, басқа да ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына да қатысты айтылады; мысалы,шикізат, әлі жиналмаған егінге де қатысты айтылады.

2.2 Қор биржасы
Қор биржасы- бұл құнды қағаздар қалыпты айналысына қажетті жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым.
Қор биржасы құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырады. Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың шығарылымын қамтиды. Онда несие-қаржы институттары ұжымдық салушы ретінде іс - әрекет жасайды. Биржадан тыс нарыққа көбінесе облигациялардың үлкен бөлігін орналастырады. Биржада керісінше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдары, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы белгіленеді.

Қорытынды
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу сатудың нақты объектісі ақшаның ролін шұғыл қажет етеді.
Валюта нарығы деп шетелдік валютаны сатып алу жөніндегі әлеуметтік экономикалық және ұйымдық жүйесі болып табылады.
Қорытындылап айтатын болсақ қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорынын жиынтығы.

Пайдаланған әдебиеттер
1. О. Баймұратов Қазақстан қаржы нарығы. Алматы «Экономика» 2007 ж
2. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов Нарықтық экономика негіздері Алматы 1994 ж
3. К.З.Хамитова Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері Астана 2007 ж
4. Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова Макроэкономика Алматы «Экономика» 2003 ж
5. Н. Г. Мэнкю Макроэкономика МГУ