Қарыз капиталы, өсімақы және несие
Қарыз капиталы деген капиталист меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдардың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсімақы түсіретін ақшалы капитал, өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндіретін қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы - капиталистің өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан тұрады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы.
Қарыз проценті - ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы өтеліп көрінетін объективті экономикалық категория.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражаттарының шығындарды өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалған сомасы.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше бір формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады.