Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 73 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қылмыстық процеске қатысушылар


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ 5
1.1 Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі 5
1.2 Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары 12
1.3 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру 15
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 22
2.1 Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі 22
2.3 Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі 37
2.3 Анықтау органы. Анықтаушы 49
3 ТАРАУ. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 56
3.1 Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері 56
3.2 Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері, құқықтары мен міндеттері 65
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 73

КІРІСПЕ
Қылмыстық процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар. Қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай мынадай түрлерге ажыратсақ болады:

I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1 Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-тармағына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар деп, қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарда, қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек. Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды.

1.2 Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Мемлекет қылмыстық процеске қатысушыларды, атап айтқанда, судьяны, тергеушіні,прокурорды, анықтаушыны, сарапшыны, маманды, қорғаушыны, сот приставын өз қорғауына алады. Сондай-ақ, осы аталғандармен қоса олардың отбасы мүшелері. және жақын туыстарын да өз қорғауына алуы тиіс.
Осы аталған адамдар үшін мемлекет заңда көзделген тәртіппен сотта қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты олардың өміріне қауіп төнуден немесе күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етеді.

1.3 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру
Судья, прокурор,тергеуші, анықтаушы, қорғаушы жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге өздерінің қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге міндетті немесе оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық білдіретіні туралы мәлімдеуі тиіс.Заң бойынша қылмыстық процесті жүргізуге өкілетті орган қылмыстық істің кез келген сатысында іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтініштерді шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиісті қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуге құқығы бар. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық білдірулерді шешуге уәкілетті адамға қарсылық білдірумен бір уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық білдіру мәлімделсе, онда бірінші кезекте осы адамға қарсылық білдіру туралы мәселе шешіледі.

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1 Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектісі ретінде онда ерекше орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын атап өтті. Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі – сот органы.

2.3 Анықтау органы. Анықтаушы
Анықтау – анықтау органдарының заңмен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту, және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргіз нысаны болып табылады.
Заң шығару анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілейді. Оларға мыналар жатады:

3.2 Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері, құқықтары мен міндеттері
Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық процеске қатысушыларды үш шағын топқа бөліп қарастырдық. Оның бірінші шағын тобына, дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар деп куәлер мен сарапшыларды жатқыздық. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға маманды, сот приставын, аудармашыны, сот отырысының хатшысын атап өтуге болады. Заңмен осы аталған процеске қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер жүктелген.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорытып келгенде, қылмыстық процеске қатысушыларға прокурор, сот, тергеуші, анықтаушы, анықтау органының бастығы, жәбірленуші, айыпталушы, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, қорғаушы т.б. жатқыздық. Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық іс жүргізу нормаларында әрбір іске қатысушыға процессуалдық құқықтар мен міндеттер белгіленген. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында барлық процеске қатысушылар тең құқықтарға ие болады, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қылмыстық іс жүргізу заңдарымен өздерінің айқындамаларын қорғауға бірдей мүмкіндіктер берілген. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекеттер жасауға болмайды. Сондай-ақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті. Іс жүргізу кезінде процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтірілген зиян өтеледі.