Бюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.
Бұл қорлардың дұрыс құрылуымен пайдалануы қаржылық құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржылардың бір буыны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.
Тағайындау – қаражаттардың аударымдары есебінен мақсатты шараларды қаржыландыруы:
Бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуі орталық, республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басшылығымен ұйымдастырылады.
Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:
Бұған қоса, әлемдік тәжірибе қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету барысында мемлекеттік қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды автономды құру мен пайдаланудың орталық тандырылмағандығының тиімділігін дәлелдейді.
Бұл қаржылық институттардың қаражаттарының қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстанда жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында көруге болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтандыру әдісімен құрылған.
Қалыптасу көздері:
Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотында шоғырланған қаржы активтердің жиынтығы болып табылады.
Қордың қаражат көздері мен қалыптасуы былай анықталады: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтік жоспарының құрамында қазақстандық экспорттың көп бөлігін құрайтын шикі мұнайға, мыс және тағы басқа шикізаттарға есептік тұрақты әлемдік бағалар қойылады.
Қор шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу жолымен республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу процесінде қалыптасады.
Қор келесідей түсімдер есебінен қалыптасады: