Айналым капиталының экономикалық
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ТАРАУ. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздер 5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні мен жіктелуі 5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің түзілу көздері 8
1.3 Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы 11
2 ТАРАУ. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелер тиімділігін талдау 18
2.1 ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау 18
2.2 Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру 25
3 ТАРАУ. Айналым капиталының негізгі элементтерін басқару 32
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер 49
Кіріспе
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы қаржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Диплом жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады.
1 ТАРАУ. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні мен жіктелуі
Шаруашылық қызмет жасайтын әрбір кәсіпорынның өнімді үздіксіз өндіру мен сатуды қамтамасыз ететін айналым капиталы болуы тиіс. Айналым құралдары - өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Айналым құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Кәсіпорынның айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді.
1.2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің түзілу көздері
Шаруашылық қызметінің айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі үшін оның көлемі жеке капиталдың көлемінің 1/3 бөлігімен тағайындалады. Өйткені айналым құралдарының көптігі кәсіпорын капиталының бір бөлігі бос жатып, пайда әкелмейтіндігін көрсетеді. Жалақы бойынша қарыздар;
- бюджетке қарыздар;
- жеткізушілерге қарыздар және т.б.
Әдетте кәсіпорынның айналым құралдарына деген ең төменгі сұранысы өзінің жеке көздерімен қанағаттандырылады: жарғы капиталының, резервті капиталының, жинақтау қорының және мақсатты қаржыландыру пайдалары.
1.3 Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы
«Айналым капиталы» деген термин ақша қаражаты түріндегі немесе бір жыл, болмаса бір өндіріс циклі ішінде соған айналдырылған кәсіпорынның қозғалмалы активтеріне қатысты. Таза айналым капиталы ағымдағы активтер (айналым құралдары) мен ағымдағы міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және айналым активтері қаржының ұзақ мерзімді көздерінен қандай мөлшерде өтеліп жатқанын көрсетеді (1-сурет).
2 ТАРАУ. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелер тиімділігін талдау
2.1 ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
Құрылымдық талдау мақсаты — кәсіпорын қаржысының құрылымы мен қарқынын және олардың түзілу көздерін жалпы қаржы жағдайымен танысу үшін зерттеу. Құрылымдық талдау алдын-ала жүргізіледі. Өйткені оның нәтижесі бойынша қаржы жағдайына түпкілікті баға беруге болмайды. Оған қол жеткізу үшін арнаулы көрсеткіштердің есебі қажет. Құрылымдық талдаудың алдында ұйым активтерінің қарқынын бағалау жүргізіледі. Ол активтердің өсу қарқыны мен қаржы нәтижелерінің өсу қарқынын салыстыру арқылы есептеледі. Мысалы, түсім мен тауарды, өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден түскен пайда. Активтердің, сатудан түскен түсімнің және пайданың өсу арқынын салыстыру 1-кестеде көрсетілген.
Кесте-1
Активтердің және қаржы нәтижелерінің қарқынын салыстыру.
2.2 Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының қаншалықты тез шынайы ақшаға айналатындығымен тығыз байланыста. Құралдардың айналым жылдамдығымен байланысты:
- авансталған (іске қосылған) капитал мен онымен байланысты ақша қаражаттарының (банк несиесін пайдаланғаны үшін пайыз, акциялар бойынша дивиденттер және т.б.) ең аз қажетті көлемі;
- қосымша қаржыландыру көздеріне деген қажеттілік;
-тауарлы-материалды құндылықтарға ие болу мен оны сақтауға байланысты
шығындар сомасы;
-төленетін салықтар көлемі және т.б.
3 ТАРАУ. Айналым капиталының негізгі элементтерін басқару
Ақша ағымдарын басқару қаржы менеджері қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған ақша қаражатының айналым уақытын есептеу, ақша ағымын талдау, оны болжау, ақша қаражатының тиімді деңгейін анықтау, бюджеттерді жасау және т.б. Джон Кейнстің пікірі бойынша ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің маңыздылығы үш себеппен анықталады:
Қорытынды
Сонымен, қорыта келгенде, айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Айналым активтерін - кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептеленеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілетінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтерге деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру қазіргі кезде проблемаларын қарастыруда.
Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар: