Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сыйлық сыйлау және алу этикет


Жоспар
Кіріспе 3
1 Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы 4
2 Қазіргі заманғы сыйлық жасау этикеті 5
2.1 Сыйлық жасау 5
2.2 Сыйлық алу 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе
Ежелден бастап қазіргі күнге дейін сыйлық жасау символикалық мәнге ие: сыйлық сөздерді алмастырады, жақсы қарым-қатынасын білдіреді деуге болады.
Ағылшын мақалы «Кім сыйлық жасау біледі - сол өмір сүру біледі» деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.

1 Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы
Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын.
Ортағасырларда этикет формалары қалыптасқан.Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын.
Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.

2 Қазіргі заманғы сыйлық жасау этикеті
2.1 Сыйлық жасау
Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады.Алайда әрбір сыйлық алған сайын бір міндет туындайтын сияқты болғандықтан, сыйлық сыйлау әлдеқайда қызығырақ.
Сыйлық әрқашанда қуаныш әкеледі.Ол әрқашанда құрмет пен сыйласымдық белгісі.Оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты.
Сыйлық таңдау кезіндегі көңіл аударарлық жай болып оның бағасы саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қойып қалу мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.

2.2 Сыйлық алу
Сыйлық алудың да белгілі бір этикет ережелері бар.
Біріншіден, сыйлықты алған кезде оны ары таман жерге қоймау керек. Лезде қабын шешіп, сыйлықты бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Сонымен қатар, сыйлық алар кезде, сыйлықты берер қолына емес, сыйлық берушінің өзіне, көзіне қарау керек.Егер сыйлық ұнамаса да әрқашан осылай істеу керек. Алғыс айту - бұл біріншіден көңіл білдірушілік пен сыйласымдық белгісі.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша мүлдем керек емес немесе қымбат емес сыйлық алған кезде алғысыңызды ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар бұл тамаша сыйлық екендігін айту керек.Қымбат сыйлық пен құр сувенирді бірдей жүректілікпен қабылдау қажет.Сыйлықтарды салыстыруға және араларынан ұнатқанын таңдап алу этикет ережелері бойынша дұрыс емес.
Егерде біреу сыйлықсыз келсе, оны басқалармен бірдей қабылдап, уақытын бөліп келгені үшін алғыс білдірген жөн.

Қорытынды
Сыйлық - ол ең біріншіден көңіл, достық пен махаббат белгісі.
Егер сіз сыйлық сыйлауды ұнатсаңыз, сіз эгоизмді жеңіп, басқалар туралы ойлай, оларға қамқор бола аласыз.
Сыйлық сыйлау - ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. Ол адамның ішкі мәдениеті көрінісі болып табылады.