Пушкин және Қазақ даласы
Жоспар
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет 2
Пушкин және қазақтар 14
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет
Иә, баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен басы әлі ашыла қоймаған бұл мәселелерге байланысты не айтуға болады?
Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.
Осы арада Перовскийге (1795-1857) ерекше тоқталған жөн. Ол Пушкинмен, оның ұстазы В.А.Жуковскиймен ертеден таныс еді. 1825 жылдың 17 тамызында Жуковскийге жазған хатында ақын Перовскийді ортақ танысы ретінде еске алады. Олар кейін де кездесіп тұрады. Орынборда Пушкин оның қала сыртындағы үйіне тоқтайды.
А.С.Пушкин мұрағатынан осы лиро-эпос мазмұнының табылғаны жөнінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап айтылып келеді. Зерттеушілердің біразы ақын оны осы сапары барысында, Орынборда, не Оралда болған кезінде естіді деген пікірде. Кейбір авторлар (М.И. Фетисов, т.б.) “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырының мазмұнын Пушкин В.И.Дальден, тіпті қазақтардың өзінен жазып алғаны жөнінде сыңай танытады. Оған дәлел ретінде ақынның татар тілін білгендігін алға тартады. Бұл тілдің қазақ тіліне ең жақын тілдердің бірі екендігі, сол кезеңде білімді қазақтардың татар тілінде сөйлегендігі белгілі. Пушкиннің “Арзрумға саяхат” өлеңінде мынадай жолдар бар: “Ешқандай тіршілік белгісін кездестірмей ұзақ жүрдім. Ақырында оқшау тұрған сакляны көрдім. Есік қақтым. Иесі сыртқа шықты. Мен одан жол жағдайын орыс тілінде, сонан кейін татар тілінде де сұрадым”.
Ақынның Орынбор мен Оралға сапарына байланысты жұмбақ жәйттер мұнымен шектелмейді. Ең алдымен Пушкин мен орыс жазушысы В.И.Дальдің (1801-1872) Орынборда жүздесуі жөнінде.
Соңғы кезде Дальдің Орынбордан Оралға барарда Пушкиннің серіктесі болмағаны жөніндегі пікірлер де көрініс беруде. Ол 1916 жылы Петербургте жарық көрген “Пушкин және оның замандастары” (23 және 24-ші шығарылымдары) деген жинақтағы Д.Н.Соколовтың “Пушкин Орынборда” атты мақаласынан бастау алып, 1980 жылы “Простор” журналында басылған А.Д.Белыйдың “Даль рапорты” деген мақаласында қосталады.
Сонымен, орыс ақынының қазақ ханымен кездесуіне барлық жағдай болған сияқты. Алайда олардың жолдары қиылыспады. 1826 жылы Жәңгірдің Петербургте болған кезінде Пушкин Михаиловское селосында айдауда жүрді, қалған уақытта да олар жүздеспеді.
Енді әңгіме арнасын Махамбетке бұрайық. Осыдан үш жылдай бұрын, яғни 2003 жылғы 15 тамызда “Қазақ әдебиеті” газетінде “Махамбет пен Пушкин” деген көлемді дүние жарияланып, оның авторы екі ақынды бір-бірімен “шүйіркелестіріп” қояды. Жарайды, оны жазушының қиялынан туған делік. Бірақ “Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясындағы” “Хан тоғайы” деген мақалада осы жағдай қайталанып, Махамбет пен Пушкин Нарын құмында кездеседі. Мұндай мәлімет орыс ақынының әр күні мен сағатына дейін тәптіштеп жазып жүрген зерттеулердің бірде-бірінде ұшыраспайды.
Пушкин және қазақтар
Көшім Лекерұлы Есмағамбетов 1938 жылы туған. 1965 жылы Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін үздік бітірген. Содан соң 1965 жылдан бастап КазГУ-де оқытушы болып, кейін республика Жоғары және арнаулы орта білім, Сыртқы істер министрліктерінде лауазымды қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында редакция меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар орталығының бастығы болды. Қазір Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас ғылыми қызметкері. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. “Шындық және бұрмалаушылық”, “Көне Қазақстанды көргендер”, “Біз туралы батыста не жазған”, “Қазақтар шет ел әдебиетінде” атты кітаптардың авторы. Дж.Демконың “Орыстардың Қазақстанды отарлауы”, С.Пфинханың “Құқық философиясы” еңбектерін ағылшын тілінен қазақшаға тікелей аударған.
Пушкиннің бұл бағыттағы ізденістеріне ХІХ ғасырдың өзімен бірге ала келген тарихи үдерістің тұтастығы туралы ой-пікір шешуші әсер етті. Осы кезеңде қалыптаса бастаған тарихилық принципі қоғам дамуын әлеуметтік прогрестің біртұтас тізбегі ретінде қарауды қажет деп таппайтын XVІІІ ғасырдың ағартушылық көзқарасынан өзгеше еді. Ағартушылық жүйеде тарихи оқиғалар бірімен-бірі қатар тұратын, бірақ олар бірінен бірі туындамайтын.
Тарих пен уақыт диалектикасы, өткенді зерттеудің бүгінгі күн мен болашақ үшін маңыздылығы туралы жаңа заманның ұстанымы Пушкиннің сана-сезімін баурады. Осылайша ақын көзқарасы адамзат ой-пікірінің озық жетістіктері мен өз дарынының арнасында тоғысып, “Пугачев тарихы”, “Капитан қызы” секілді сом дүниелерге жол ашты. Пушкиннің жақын досы П.А.Плетнев: “Табиғат ақындық талантына қоса оған таңқаларлық зерде мен көрегенділік қасиет сыйлаған. Бірде-бір оқыған дүниесі, бірде-бір әңгіме, бірде-бір ой тебіренісі оның өмірінен біржолата сызылып қалмайтын. Оның басы түрлі қазыналар қоймасы секілді сан алуан істерге дайын материалдарға толы болатын”, – деп жазды.
Пушкин 1814 жылы Галицияда басылып шыққан Антон-Фридрих Бюшингтің “Жаңа тарих пен география жинағы” деген еңбегімен танысып шығады. Ақын назарына шығармадағы Шарль-Луи Лезюрдің “Казактар тарихы” деген мақаласы ілінеді. Е.Пугачевтің Ырғыз даласындағы мекендерге шабуылы жөніндегі баяндаулар Пушкин танымын жергілікті тұрғындарға қырғидай тиіп отырған Жайық казактары туралы кейбір мәліметтермен толықтырады.
Ақын өзінің досы, атақты библиограф С.Семевскийдің кітапханасында С.Герберштейннің “Московия істері жөніндегі жазбалар” (Базель, 1551), Дж. Флетчердің “Орыс мемлекеті және осы елдегі тұрғындардың мінезі мен әдет-ғұрпының сипаттамасы жөнінде” (Лондон, 1591) деген кітаптарға назары түседі. Оларда да қазақтардың кәсібі мен орналасуы жөнінде, тіпті тарихшылардың өздеріне белгісіз, мүлдем жаңа мәліметтер кездесетін. Мысалы С. Герберштейннің еңбегінде Қасым хандығы туралы айтылып, бұл мемлекет тұрғындары “қазақ” деп аталатыны, олардың араларындағы әлеуметтік топтар жөніндегі баяндаулар аса құнды мағлұматтар болып табылатын. Басқаша сөзбен айтқанда Пушкин қазақтардың Ресейге бодан болуына дейін көп бұрын өз мемлекетінің болғандығы жөнінде мағлұмат алады.