Ежелгі Рим өркениетінің саяси-құқықтық ілімі
Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патришйлер мен плебейлер, побилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.
Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып. Лукреций "бәрі материядан осы шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды. Ол табиғаттағы және коғамдағы себептік заңынан басқа да әлемдік күштің бар екендігін мойындағанымен, оны құдай ілімімен байланыстырмайды. Өсиетке құдай жерден адамдар өміріне араласпайды. Лукреций адамдар өз тағдырын өздері жасауы тиіс, олардың бакқытты өмірі өлеріне ғана байланысты деп тұжырымдайды.
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді. Осы заңға сүйенген олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.
Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік оркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқық-тануды алғаш рет жеке ғылым ретінде карастырды. Құқықтанудың жеке ғылым ретінде калыптасуының өзіңдік алғышарттары да болды. Оның ең бастысы ежелгі грек және рим мәде-миетінің қарқынды дамуы еді. Рим империясы көрші мемлекеттерді өздеріне бағындырып қана қойган жоқ, олардың құқықтық тәжірибесін, сот практикасын, саяси істегі құжаттарьн Рим тарихына бейімдеп, өзіне тән ерекшс құқық жүйесін кұрды. Рим құқығы үнемі жетілдірілуде болды. Қазіргі құқықтанудың терең тусіну үшін Рим құқығының тарихи дамуымен, оның ерекшеліктерімен, белгілерімен және сол кездегі құқыктык терминдер мен түсініктермен де жақсы таныс болу керек.