Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 54 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы 5
1.1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі 5
1.2 Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны 8
1.3 Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы 10
1.4 Таным теориясы - дәлелдеме теориясының негізі 14
1.5 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны 17
1.6 Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі кепілдіктері 20
2-тарау. Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы 24
2.1 Дәлелдемелердің көздері 24
2.2 Дәлелдемелерді топтастырудың тәртібі 26
2.3 Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі 32
2.4 Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы 38
2.5 Техникалық құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру жолымен алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік шарттары 47
Қорытынды 50
Әдебиеттер 54

Кіріспе
Қазақстан Республикасы, яғни тәуелсіз еліміз 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық ,зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады.
Құқықтық мемлекет тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес ,сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын демократияны қалыптастыратын күш.
Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтық емес халықтың шынайы еркін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекеттің демократиялық принциптері мемлекеттің жүргізіп отырған соттық - құқықтық реформасында одан әрі дамып жетілуде. Халықаралық-құқықтық нормалардың басымдығының ішкі құқықтардан жоғары болуын мойындау республиканың заңдық актілерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді талап етеді. Бірінші кезекте бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында кездесетін құқықтық қатынастарға қатысты.

1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі. Таным теориясы мен шындықтың ұғымы
1.1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 25-бабында қылмыстық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайтыны көрсетілген.Ол мына принциптерге негіз делінген:
- іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді, заттай айғақтарды соттың, прокурордың ,тергеушінің, анықтаушының еркін бағалауы;
- соттың өз тұжырымдамаларында қылмыстық ізге түсу органдарының бағалау пікірлері мен байланысты болмауы.
Қылмыстық іс жүргізуде заттай айғақтар дәлелдеме қатарына жатқызылған.Сондықтан да заттай айғақтар дәлелдеме міндеттерін атқаратыны айқын болып табылады.
Күнәсіздік презумпциясы принципі бойынша кінәлінің айыбын құқық қорғау органдарының қызметкерлері заттай дәлелдемелер арқылы заңдылықты сақтай отырып дәлелдеуге тиіс.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:

1.2 Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды қамтиды».
Қылмыстық іс жүргізу кұкығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды: «Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:

1.3 Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен» жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргіздің «дәлелдеме» ұғымының мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан «тар мағынадағы дәлелдеме» ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілері) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің «дәлелдеу» ұғымына барабар ретінде «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің» философиялық ұғымын қолданамыз.

1.4 Таным теориясы - дәлелдеме теориясының негізі
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талап етеді.
Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі, айналып келгенде «таным теориясы» аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық - материалистік көзқарас жатыр. Бірден бір ғылыми әрі дұрыс маркстік-лениндік таным теориясын айқындаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратынына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану қажет.

1.6 Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі кепілдіктері
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде объективтік шындықты анықтау іс жүргізу кепілдіктері ретінде көрінетін ерекшелігі бар процедуралық жағдайлар болған уақытта ғана мүмкін болады.Дәлелдеме құқығында олардың бірнеше түрлері бар; қылмыстық іс жүргізу құқығы қатынастарына қатысушылардың түрлі топтарының іс жүргізу жағдайын саралау жолымен белгілеу; қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі; қылмыстық іс жүргізушілік нысандарын заңдық тұрғыдан көздеу; сот ісін жүргізу кезендері мен сатыларының ревизиялық негізі; іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының жүйесі;
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қатынастарына қатысушылардың түрлі топтарының іс жүргізу жағдайын саралау жолымен белгілеу іс жүзінде іс жүргізушілік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы қалыптасатын құқықтық мәртебелерді шектеуді білдіреді.Мәселен, куәгердің міндеті тек қана шындықты айту, куәгер анықтау органының немесе тергеушінің шақыруы бойынша келуден жалтарса немесе бас тартса, соңдай-ақ әдейі жалған жауап берсе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2-тарау. Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы
2.1 Дәлелдемелердің көздері
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды:
- куәгердің жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, айыпталушының жауап беруі;
- сарапшының қорытындысы;
- заттық айғақтар;
- процессуалдық іс-қимыл хаттамалары;
- өзге де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен пайдалануды түсіну керек.

2.2 Дәлелдемелерді топтастырудың тәртібі
Дәлелдемелерді жіктеудің теориялық та, практикалық та маңызы бар. Теориялық маңызы мынадан көрінеді: жіктеу зерттелетін объектілерге жүйелік көзқарастың негізі болып табылады. Қызмет ретінде дәлелдеу процесінің күрделілігі мен әр қилылығына, іс жүргізушілік дәлелдеуге тартылатын объектілердің шексіздігіне, сондай-ақ дәлелдемелер мен мазмұнының алуан түрлілігіне байланысты дәлелдемелерге қатысты бұл өте маңызды. Дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы туралы айта келіп А. А. Хмыров былай деп атап өтеді: дәлелдемелерді жіктеу «оларды жинаудың, зерттеудің және бағалаудың ерекшеліктерін алдын ала анықтайды, жекелеген дәлелдемелер түрлерінің іс жүргізушілік режимін, сондай-ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін, оларды дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі.

2.3 Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі
Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді іріктеудің бет алды сипаты болмайды. Іс жүргізушілік мағынасындағы белгілі бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық іс бойынша процеске тарту дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешуге негізделген. Дәлелдемелердің қатыстылығын - олардың және дәлелденуге жататын жағдайлардың арасында қисынды байланыстың болуы деп түсіну қабылданған, осыған байланысты қылмыстық іс бойынша белгілі бір фактілерді негіздеу немесе жоққа шығару үшін пайдаланылуы мүмкін. Дәлелдемелердің қатыстылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді: дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысы; нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың іс үшін маңызы; тап осы мән-жайды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы.

2.4 Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы
Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кенесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды, алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестіру қызметін мынадай органдар жүзеге асырады:

Қорытынды
Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру қажет. Бұл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтарымен бостандықтарының қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дәйекті іске асыру болып табылады: